Кеш сезінген мейірім - на weekend.bugin.kz
Есентүгел - на weekend.bugin.kz Есентүгел

Көл жағасы. Кешкі уақыт болатын.

Көл жағасы. Кешкі уақыт болатын. Жағада өткен өмірін есіне түсіріп қарт Өмірбек отыр. Жас кезінде қанды аңшының бірі еді. Осынау шағын көлдің бетін де қанға қынадай бояған кездері болған-ды. Жыбырлаған ірілі-ұсақты аң мен құсты осы шағына келгенше ынсапсыз аулаған болатын. Қазір сол істері көз алдына елестеп, өз ісіне өзі сенбейтін кейіпте отыр. Ал бұл күнде ол мүлде басқа адам. Тіпті бір түйір ұсақ жəндікке дейін өлтірмейтін деңгейге жеткен. Керісінше тіршілік атаулыға қамқорлық көзқараспен қарайтын болған.
– Ол да тіршілік иесі ғой, аз да болса да ұзақ өмір сүрсе екен, – деп тілеп тұрады. Сонда адам баласын қартайған шағында жүз сексен градусқа өзгерткен қандай құдірет десейші. Иə, ол құдіретті бір білсе, Өмірбек жақсы білетін. Жалпы өзі қарттық жеңген сайын ажалдың арқаны тарыла түседі де, өмірге саналы көзқараспен қарата бастайды. Өзіңнен басқа тіршілікті де өте бағалағыш келесің. Қартаймай-ақ жас кезінде де бағалайтындар бар, бірақ олар сирек жандар. Адамдардың саналы сезімі көбіне қартайғанда оянады. Ең сорақысы сол емес пе? Сезімі жетілмеген екі аяқтының кесірінен əлемде минут сайын көптеген түрлі аң мен құстар жойылып жатады. Ал оны сен кеш түсінсең, сол қасірет. Тіпті өмірінің соңына дейін өзінен басқаны ойламайтын, тек құртуды ойлайтын зымзия зұлымдар да кездеседі. Ежелгі Рим императоры Юрий Цезарьдың: 
– "Мен өлгеннен кейін, жер бетін топан су басып кетсін" – деген сөзі соның дәлелі іспетті. Өмірде осындай өзгенің болшағына қолын бір сілтейін адамдар да болады. Ондайлар жатқан көк теңіз, шегі бар да шеті жоқ.
Көлдің жағасын да өткенін саралап есіне түсіріп отқан Өмірбек: "Менің санам жас кезімде неге мейірімділіктің көреген биіктігін де болмады екен" – деп жүрек мұңын шегендей берді. Біраздан кейін көл бетіне қимастық көзқараспен бір қарады да үйіне қарай аяндады. Қураған қу ағаштай кемпірі Құндыз екеуі тұратын еді. Бала атаулы жоқ болатын. Аңның киесі тиеді ме екен, əйтеуір көбіне аңшылар да бала болмайтындары жиі кездесіп жатады. Əсіресе ұл бала бола бермейді. Көңілсіз күрең үйіне келген Өмірбек дастархан басына жайғасып, екеуден екеу отырып ас ауқаттарын іше бастады. Бір кезде жүзі қуарған жалғыздықтан құса болған кемпірі:
– "Уф, Алла-ай, өмірде соғысқа кетседе əйтеуір бір балаңның болғаны жақсы екен ғой. Кем дегенде аман келер деген үмітпен өмір сүрер едік қой. Бұл не деген адам төзгісіз қарғыс еді?! Міне, енді отырмыз жан жағын жалмап жұтып қойған "ертегідегі екі басты жыландай" қара басымыз қуарып" – деді күрсініп.
Мамыр айының тынысыңды ашар тірі ауасы аңқыған ашық таңы атып келеді. Бөлме ішіне терезеден күн сәулесі түсіп жарық бола бастап еді, іштегі заттар анық көрініп, бұрышта үстел тұрғаны байқалды. Үстінде жиналған кітаптар тұр екен. Күн сəулесі кітап бетіне түсіп, шағылысқан сəулесі Өмірбектің бетіне түсіп жатыр. Сəлден кейін əлдеңеден мазасы кетіп оянған Құндыз шеше "бісміллəсін" айтып, күннің көтерілгеннін көріп оң жақтағы шалын оятты. Ал ол бетіне əлгі шағылысқан кітап сəулесі түскен күйде қимылсыз жата берді.

Есентүгел Ысқақ



0 Пікір Кіру