Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Суретші әйел

Бәрімізге белгілі қазақтан шыққан суретшіні атаңыздар дей қалса, есімізге Әбілxан Қастеев атамыздан басқа ешкім түспейді. Тіпті, нәзік жанды суретшілерді көбіміз тани бермейміз. Соның бірі де, бірегейі Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 желтоқсанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келген. Қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші.

Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін де оқуын аяқтады. Сосын 1949 ж. Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының мода өнері факультетін бітірді.Қазақстан халық суретшісі (1967) атағына ие болды.Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Суретшінің кез келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері:«Сәукеле»,«Көктем және күз» және т.б.

шығармашылықижұмысынан:

* "Махаббат туралы аңыз" (1954)

* "Шабандоз қыз" (1955)

* "Бұл Шұғылада болған еді" (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.

Алғашқы кескіндемелік туыңдылары:

* "Тоқымашылар" (1951)

* "Г.Разиеваның портреті" (1952)

* "Автопортрет" (1956)

* "Халық таланттары" (1957)

* "Халық ісмері Б.Бәсенованың портреті" (1958)

* "Дастарқан" (1959).

20 ғасырдың 60-жылдары "Абай әні" кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын ("Билер соты "Үйлену тойы", "Той", "Айтыс", "Кездесу", т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60-70-жылдар Ғалымбаева шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. 

Қазақ бейнелеу енерінің алтын қорына енген:

* "Батыр ана" (1966)

* "Қазақстан әндері" (1962)

* "Ежелгі керамика" (1966)

* "Қостанай. Алтын 238 дән пирамидалары" (1971)

* "Бейбітшілік" триптихи (1975)

* "Жердің сыйы" (1978)

* "Береке" (1980), т.б. шығармаларын қалдырды.

Сәндік-монументтік сарындағы композициядарды салуда Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байқалады:

* "Біз заманымызды мақтан етеміз" (1965)

* "Бір кесе қымыз" (1967; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1972);

Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы

* "Қызыл раушан гүлдері"

* "Шұғынық гүлдер"

* "Жемістер мен гүлдер" туындыларында айқын байқалады.

"Қазақтың ұлттық киімдері" (1958, 1976) альбомының авторлары. Ол Алматы көркемсурет  училищесінде ҚазПИ -да дәріс оқыды. 2008 жылдың 21 сәуірінде дүниеден озды.

0 Пікір Кіру