Жұмыс іздеген студент - на weekend.bugin.kz
Гульмира  - на weekend.bugin.kz Гульмира

Студенттер xалі

Алтын ұя мектебімен қоштасып, арман қуып үлкен қалаға келетін студенттер бүгінгі мақаламыздың басты тақырыбы болмақ. Жыл сайын мыңдаған түлектер ҰБТ тапсырып, ЖОО орындарына грантпен түсіп те жатады. Алайда "бақ шаба ма, бап шаба ма?!" - демекші, мектеп бітірушілердің көп бөлігі мемлекеттік грантқа ұпайы жетпей, сыннан сүріпні қалады. Дегенмен білім алып, мықты маман болуы үшін ешнәрсе де кедергі жасай алмайды емес пе?! Осы мақсат жолында ақылы бөлімге түседі.

Қалада өз үйіңдегідей бәрі тегін емес. Ең бастысы - тамақ керек, одан қалса киім қажет болады, т.с.с. Қанша уақыт ата-анама салмақ сала беремін деген ойда, көптеген студенттер жұмысқа шығып кетеді. Әрі оқу ақысынан бөлек, жатақxанадан орын таппаған студенттер жалдамалы пәтерде тұрады. Бәрімізге белгілі пәтерлердің бағасы да арзан емес.

 «2017-2018 оқу жылында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 5871 студент білім алып жатыр. Бұл университетте  7 жатақхана бар, онда 3177 студент тұрады. Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 17 143 студент білім алса, оның ішінде грантта оқитындар саны – 13 775. Университетке қарасты 16 жатақханада 5730 студент тұрып жатыр. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 9949 студент оқиды. Оған тиесілі 6 жатақханада 1998 студент тұрып жатыр. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде  6821 студент білім алса, оның 1887-сі осындағы 5 жатақханаға қоныстанған.

Еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 530 мың студенттің 204 мыңы қалаға сырттан келген студенттер. Студенттердің жатақханамен қамтылуын көрсететін ресми статистикалық мәліметтер талдауы бұл жағдайдың қанағаттарлық деңгейде емес екенін көрсетті. Жалпы алғанда, республика бойынша студенттік жатақханаларға сұраныс 77500 кереуеттік орын болып отыр. Соның ішінде ең көбі Алматы қаласына тиесілі – 21557 адам жатақханаға мұқтаж. Елбасының студенттерге жатақханалар салу туралы ауқым­ды бастамасы ғана осы қиын­дықтан шығарады, – дейді Мирас кеңесінің мүшесі, Сенат депутаты Динар Нөкетаева. Осымен жатақxана жайы шешілді делік. Алайда студенттер оқу ақысын төлеу үшін не істеп жүр?!

Жұмыс іздеген жұрт көп пайдаланатын Rabota.nur.kz сайтының маркетинг және PR бөлімі қызметкері Даниил Гаянцевтің дерегінше, қазіргі кезде сайтта жұмыс іздеп тіркелген 163 мыңға жуық адам өзін студент деп көрсеткен. Студенттердің көбі сауда менеджері, бухгалтер, офис-менеджер, сатушы- кеңесшінің жұмысын іздейді. Сауда өкілі, клиентпен жұмыс істейтін менеджер, көлік жүргізуші, заңгер, кассир, даяшы сияқты жұмыс іздейтіндер де бар. Ал  біздегі тәртіп бойынша 18 жасқа толған студенттер ғана каникул кезінде, яғни маусым-қыркүйек айлары аралығында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істей алады. Ал колледж студенттеріне 18 жасқа толмағандықтан, жұмыс істеуге рұқсат етпейді.

Алматыдағы 20 кафе, мейрамхана өкілдері Азаттық сауалына «бізде студенттер жұмыс істемейді» деп жауап берді. «Ақ алтын», «Grand opera», «Solod», «Vivaldi» және өзге мейрамхана өкілдері «студенттердің сабақ кестесі біздің жұмыс кестемізбен сәйкес келмейтіндіктен, оларды жұмысқа алмаймыз» деп жауап берді. Олар «жұмыс сұрап келетін студенттер бар, бірақ мекеме әкімшілігі оларды алмайды» дейді. Сонда студенттер қайда жұмыс  атқарып жүргенін білу үшін  оларды сауалнамаға  тартып едік.

Студенттердің көп бөлігі Алматы қаласындағы әр түрлі сауда орталықтарда сатушы болып жұмыс істейтіндігі анықталды. Сәйкесінше олардың атқарған жұмысына қарай жалақы төленетін болады екен. Яғни күніне 8 мың теңгеге дейін алады. Одан басқа біраз студенттер кафе мен ресторан, тойxаналарда жұмыс жасайды. Әрине, ондай жерде жұмыс жасайтындар түнгі сағат  1-2-ге дейін қызмет атқаруы тиіс. Оған төленетін жалақы шамамен 4000-7000 теңгеге дейін. Немесе арамызда түнімен жұмыс істейтіндер де кездеседі. Осы жерде түнімен  көз ілмей жұмыс жасаған студенттің миына сабақ қона қояр ма екен?! -деген үлкен сұрақ туындайды.

Қорытындылай келе, студенттің жұмыс істеп ата-анасына салмақ салмағаны дұрыс болар. Алайда оның өзіне де білім керек болатынын ескерейік. Бәріміз де ЖОО орнына мықты маман боламын деп түстік қой. Егерде сабақтарынан қолы босап, қосымша жұмыс атқарып жатқан болса игі. Ең маңыздысы - студенттің жұмыстан гөрі, білім іздегені дұрыс...

0 Пікір Кіру