Түркі әлемі біріксе немесе Алтын Орданы қайта жаңғырту - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Түркі одағын құруға не кедергі?

Әлемде түрлі одақтас елдердің қауымдастығы, бірлестігі, одағы бар. Атап айтқан кезде, кәрі құрлықта орналасқан елдердің Еуро Одағы бар. Еуразияда тыныстап жатқан елдердің Еуразия экономикалық одағы бар. Сол секілді түрлі ұйымдар да жетіп артылады. Осылардың ішінде ойып тұрып орын алуға болатын, тарих сахнасында кез келген елдің мұрағатында аты аталатын Түркі жұрты бар. Тілдері ортақ, түркітектес елдердің басы бірігіп, неге біртұтас үлкен одақ құрмасқа?!

«Түркі одағы» немесе «Түркі әлемі» деп аталатын одаққа 40-қа жуық ұлт кірер еді. Тарих таңбасын басқан Түркі әлеміне ешкімнің ауызы батып, азу тісін көрсете алған жоқ. Түркітектес елдердің негізгі бөлігі КСРО-ның құрсауында болды. Тәуелсіздік алғандары әлі автономиялы республика ретінде тіркелгендері де бар.

Есепке бәрін алмаған күннің өзінде азуы алты қарыс 6 мемлекеттің де шамасы біразға жетер еді: Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан.

Жер көлемі:

Қазақстан – 2 724 902 км кв.

Түркия – 783 562 км.кв.

Түркіменстан – 491 200 км.кв.

Өзбекстан – 447 400 км.кв.

Қырғызстан – 198 500 км.кв.

Әзірбайжан – 86 600 км кв.

Жалпы көлемі: 4 732 164 км.кв

Халық саны:

Қазақстан – 18 157 078

Түркия – 80 810 525

Түркіменстан – 5 176 502

Өзбекстан – 31 025 500

Қырғызстан – 6 256 700

Әзірбайжан – 9 574 000

Жалпы халық саны: 142 383 705

Әскери күші (қосалқы бөлікті қосқан кезде):

Қазақстан – 276 500

Түркия – 850 000 (НАТО-ға мүше)

Түркіменстан – 36 500

Өзбекстан – 48 000

Қырғызстан – 67 900

Әзірбайжан – 366 950

Жалпы саны: 1 645 850

Жалпы түркі әлемін есепке алар болсақ, онда жер көлемі 11 млн.кв аумақты алып жатқан, 200 миллионға жуық халқы бар үлкен әрі алып держава болар еді.

Бүгінгі Түркі әлеміне тіпті одақ немесе бірлестік деп ат қоюдың да қажеті жоқ. Кешегі «Алтын Орда» атауын қайта жаңғыртып, бүгінгі заман талабына сай білімі де, ғылымы да, технологиясы да дамыған алып держава қалыптастыруға, әлемнің озып алдына шығуға мүмкіндігі бар.

Көк бөріні ортақ символ ретінде қарастыратын түркі жұртының қанында жауынгерлік қасиет те, білімге деген ұмтылыс, ғылымға деген ашық көзқарасы болған. Оған тарих сахнасында осы алып жатқан жерлерде дүниеге келген ғұлама ғалымдар куә бола алады. Әдебиеті де, мәдениеті де бай алып державаның тарыдай шашырап жатқан басын қосып, болашақтың есігін неге бірге ашпасқа?!


0 Пікір Кіру