Шын маxаббаттың куәсі болдым - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Маxаббат

"Шын ғашықтар қосылмайды" дегені рас екен-ау, шамасы. Абай мен Тоғжан да сол шын ғашықтардың бірі бола білді. Қалай дейсіз бе?!

Абай әкесімен араздасып жүрген Сүйіндік үйіне барғанда, сыңғырлаған шолпы дауысын естиді. Оған қатты қызыға бастайды. Содан нәбері 13 жасында сыңғырлаған шолпы иесі Тоғжанға ғашық болған. Шіркін,

"Алғашқы  маxаббат жүректі тербейді,

Мәңгілік бақ құсым, қоштасқым келмейді", - деп бекерден-бекер жырламаған болармыз. Екі жас бір-бірін қатты сүйгенімен, сұм тағдыр оларды айыруға бел байлаған-ды. Алдымен Абайды әкесі айттырып, құда болып қойған, Алшынбайдың Ділда есімді қызына үйлендіреді. Әрине, Абай үлкендерге қарсы шыға алмағандықтан, өз разылығын беріп, 16 жасында отау құрған. Дегенмен Абайдың жаны қатты қиналып, Тоғжанын аңсайды. Өткен күндерін сағынады. "Басқа түскенді көз көрер" демекші, арада бір жыл өткенде "әке"атанған еді. Алайда өз жарына деген ешқандай сезімі жоқ-ты.

Айта кететін жәйт: Тоғжанды да осы арада  көрші ауылдағы бір жігітке құдаласып қойған болатын. Ата-анасының сөзінен шыға алмай, ол да бөтен жігітке (өзі сүймесе де) тұрмысқа шығып кетті.

"Дәуірлердің қателігін түзетіп, дана уақыт өтіп жатыр сырғанап" демекші, арада біршама уақыт өтеді. Абай атамыз да Шүкіман апамызды жолықтырып, оған үйленген болатын. Екеуінің үйленуіне басты себеп: Шүкіманның бейнесі - Тоғжаннан аумайтын қыз болғаны. Жастары да Абайдың алғаш Тоғжанға ғашық болған жасына сәйкес келсе керек. Алайда Шүкіманның сыңғырлаған дауысы мен толықсыған бетіне өз есімі  жараспайтын еді. Сондықтан да оған Абай атамыз "Айгерім" деп ат қойған болатын. Екеуі бақытты ғұмыр кешіп жатқанымен, алғашқы ғашығының орнын ешкім баса алмады.

Бір күні Абай саятшылыққа шығып, достарымен  бірге  адасып кетеді. Сөйтіп, 3 күн бойы боранда қалып қояды. Сондағы бір кереметі жапан даладан оларды Абылғазы іздеп тауып алса керек. Бораннан тоңып қалған олар жақын маңдағы ауылға түнеуге барады. Алғашында бұл алғашқы маxаббаты болған Тоғжанның ауылы екендігінен беймәлім еді. Тағдырдың өз бір керемет қой, тіпті түнеуге тоқтаған үйі дәл өз ғашығының отауы болып шықпасы бар ма?! Бірақ та бораннан қатты әлсіреп қалған Абай төсек тартып жатыр. Ешкімге қарауға мұршасы жоқ. Әйтеуір түстерімен арпалысып жатады. Тоғжан болса, Абайдың қасынан бір елі шықпай, тәңірден оның тезірек жазылып кетуін сұрап жалбарынады. Тіпті, таңға дейін қасында болып, жылап шығыпты. Сонда арада қанша жыл өтсе де, Тоғжан да Абайды ұмытпағаны ма?! Оған берер жауабымыз:"иә, ұмытпаған". Ұмытса, осыншалықты қиналмас еді. Абай атамыз да оны ешқашан ұмытқан емес....

Қорытындылай келе, ағылшынның атақты ғалымы осылай деген екен: "Шын маxаббат ешқашан да ұмытылмайды".

Еxx, қазір шын маxаббат бар ма екен?!

0 Пікір Кіру