Жастар басты назарда... - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Жастар

Ақпанның 27-і күні  Алматы  қаласы « Алатау жарық  компаниясы» кеңсесінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл «Жастар жылы» деп атауына байланысты мекеме қабырғасында жастарға арналған ұйым ашылды. Бұл ұйымның ашылуына басты себеп жолдау болғанымен, мекемеде жұмыс атқарып жатқан  жатқан жұмысшылардың 75%- ы жастар құрайтыны да себеп болды. Талантты еңбеққор ұлт болашағы екенін де ескеруіміз керек. Компания осы жастардың арқасында жыл сайынғы өткізіліп отырған республикалық жарыстарда  қатарынан жүлделі бірінші орынды қолдан бермейтінін жеткізді. Сонымен қатар жұмысшылардың біраз бөлігі аға буын өкілдері екендігін ескерсек, мекеме жұмысшылары толықтай ұрпақтар сабақтастығында қызмет атқарып жатыр. 

Қазіргі таңда еліміз жастарына көп мүмкіндіктер беріліп жатыр, оларды пайдалану керек. «Ақыл жастан» дей отыра, жастардың атқарған жұмыстарына қолдау білдіруді компания ұжымы әдетке айналдырған деп- жиынның қонағы Сатыбалды Серікбайұлы өз сөзін аяқтады. Жиынға келген қонақтардың барлығы дерлік ұйымның ашылуына оң көзқарастарын білдірді. Оған себеп- қазіргі жастар қауымы өте талантты, жан-жақты дамуға құмар.Жалпы бұл бастаманың басты мақсаты: жастарға әр тараптан қолдау білдіру болып табылады. Компания қызметкерлері арасында  шахмат,шашка секілді ойындар өткізумен қоса, жастарды шығармашылық бағытқа бағыттау да жолға қойылмақ.Жоғарыда аталып өткен ұлттар сабақтастығы аясында, әріптесаралық достықты нығайта түсуге де мүмкіндік бар.

Қорытындылай келе, әрбір жас өзіне берілген мүмкіндіктерді толықтай пайдалана алады деген сенімдеміз. Зал толы жастарға қарап,көздеріндегі жалынды байқауға болады.Елбасымыздың жастарға арналған бастамасын одан әрі дамытып, жастар ұйымын ашып жатқан компания ұжымына айтар алғысымыз шексіз.Алдағы істеріңізге сәттілік тілей отыра, сіздердің бастамаларыңыз басқаларға үлгі болғанын айта кеткен жөн. Жастар- ел болашағы......

0 Пікір Кіру