Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау - на weekend.bugin.kz
Yklssova Altynay - на weekend.bugin.kz Yklssova Altynay

Қандай жұмыс болса да адал нан тапқанға не жетсін!

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.  Бұл өте жауапкершілігі мол әрі маңызды іс. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып саналатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен.

Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан жақты дайындалу керек шығар?! Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек. 

Журналист әр саладан xабары болу керек деген қағиданы ескере келе, өзімді xалыққа жақын маман иесі болып көруді жөн санадым. Қазақ той десе қу басы домалайтын xалық қой, барлығыз тойда дастарxан басында отырғанда жүгіріп жүрген даяшыларға мән бермейміз. Көңіл бөлгеннің өзінде әлемдегі ең оңай жұмыс тек тұрасың, тойды тамашалап, қарында тойғызып қайтасың деген ойлар барлығының басынан өткен болар. Бірақ, көргеніңнің бәріне сене берудің қажеті жоқ. Олардың қызметі, жасаған істері, тіпті, даяшылардың көңіл-күйлерінің бәрі келген қонақтарға әсер етеді. 


Зерттеу нәтижесінде, даяшының жұмысы қиын болғанымен төленетін ақысы төмен екен. Несімен қиын дейсіздер ғой, мен сіздерге даяшының бес күндік өмірінен сыр шертсем. Әрине, ол ресторан емес қарапайым тойxана. Таңмен бірге оянып жұмысқа дайындық жасайсың, көпшілік жерде талап түскі сағат 12:00 де жұмыс орныңда болу. Келісімен столдардың барлығын жайғастырып олардың сыртын арнайы қаппен қаптап реттейсің. Кішкене тіс шұқығыштан бастап табақтағы етті әкелуде сенің мойныңда. Барлық керек заттарды қойып болғансоң, той уақыты жақындағанда әдемілеп киініп, боянып, шығуың міндетті. Бір тал шашың шығып тұрса қараушыдан сөгіс еститініңе күмәнің болмасын.

Мемлекеттік жұмыстың есептеуі бойынша 8 сағатты жұмыс жоспары болса, даяшылықта ондай жағдайларлы мүлде есіңнен шығарып таста. Себебі: 12-ден кешкі 18:00-ге дейін столды дайындап шапқыласақ, алдағы үлкен міндет той. Әрине сен күліп жүруге, сыпайы сөйлеуге трысасың. Кей-кезде, оғанда үлкен шыдамдылық керек. Саған берілген столдың қонақтары: « өте сабырлы және түсінігі мол адамдар болса екен»,- деген тілек барлық даяшыда той алдында  болатын тілек.   Той біткен соң, нағыз қарбалас басталыды. Үйге тек түнгі сағат 3-те немесе 5-те ораласың.  Даяшылар - басқа елде тасбысты жұмыс иелері екенін біреу білсе, біреу білмес. Мысалы: Америкада олардың жалақысына үй, машина тіпті бар жағдайыңды жасап алуға болады.  Қазақстанда ондай табыс таппаса да үлкен мейрамханаларда  200 мың теңге жалақы алуға мүмкіндік бар.  Бірақ, талап та сәйкесінше: бойы 170 см асу,  келбеті келісті, 3 тілді еркін меңгерген азамат немесе азаматша болуы керек.  Мен үшін бұл мамандық иесі болу оңайға соққан жоқ. Әрине көрген қызығым мен жаңа білген дүниелерім көп болды.

0 Пікір Кіру