Жануарлар қорғаушысы кім... - на weekend.bugin.kz
Aidana Zhexenbayeva - на weekend.bugin.kz Aidana Zhexenbayeva

Жануарлар әлемі

Тамаша жаратылыстың бір бөлігі – жануарлар. Жануарлар кеңістікте тіршілік ету үшін жаратылған. Дүниеде адамдар мен жануарлардың айырмашылығы бірталай. Сондықтан да, адамдардың қорғаушысы -  өздері. Ал, жануарлар қорғаушысы кім? Жануарлар типіне қарай әр түрлі болып бөлінетіні рас. Яғни, үй жануарлары, жабайы жануарлар. Адамдарға бағынышты болып келетіні - үй жануарлары. Мәселен, ит, мысық т.б. Олар көбінесе өте ақылды болып келетіні даусыз. Ал, жабайы жануарлар кең далада өмір сүру үшін бейімделген. Адамдар жануарларды қорғауға ерекше назар аударады. Ал, жануарларды қорлайтын адамдар саны қанша ма?

Ислам мәдениетінде жануарларды қорғау - үлкен маңызға ие дүние. Балалық шақта цирк атауын көп еститінмін. Тіпті, оның не екенін де білмейтін кезім еді. Әжем: «ол жақта көптеген қызықты дүниелер және өнерлі жануарлар өмір сүреді» - дейтін. Мен таңғалғаным сонша баруға асығатынмын. Қазір өмірге деген көзқарас өзгеріп, әр нәрсені жөнімен сарапқа саламын. Бүгінгі таңда циркте көрсетіліп жатқан дүниелердің барлығы - жануарлардың қайғы-қасіретінің ортасы болып елестейді. Ақпарат дамыған заманда ақпараттарды ғаламтор желісінен тез алатынымыз ақиқат. Күні кеше ютуб желісінде бір видеоға қатты көзім түсті. Көпшілік адамдар ол видеоны соңына дейін көруге батылы бара бермейді. Бала кездегі сұраққа осы видео арқылы жауап алғандай болдым. Бұл видео көріністе циркке арнайы жануарларды шет елден тапсырыс бойынша алады. Және жануарлардың иесі болып табылатын адам арнайы топқа ұсынып, сахнада өнер көрсетуі үшін жануарларға күш көрсетіп, бағынышты болуына әрекет жасайды екен. Сонда адамдар пайда табудың көзі ретінде жануарлар әлемін пайдалананып отыр. Видео көріністе пілдерді табиғи жағдайда Африкадан және Оңтүстік Азиядан көптеп әкелетіні рас. Олар цирк аренасында көп өнер көрсетеді. Осы топ иелерінің пілді қорлағаны ерекше көзге түсті. Сахнаға үйрету барысында темір торды пілдің қақ төбесіне қадап қорлайтыны бар. Тіпті, кіші аюларды арнайы арқан жібін мойнына тағып, оң және солға жүруді талап етеді екен. Көптеген жануарларды арнайы ауыр құралдармен қорлағаны санаға қонымсыз дүние.

Биыл біздің елімізде циркке баратындар саны біршама азайды. Дегенмен, қазіргі вайнерлер тобы әлемде көп. Олар бірін-бірі танымаса да, бір басшылыққа бағынышты адамдар. Қазіргі күнде цирк аренасының бос тұруы иелерін толғандырып қоятыны рас. Сондықтан да, олар осы вайнерлерге жарнама ретінде ұсыныс жасап,  цирк аренасының толық болуына аса көңіл бөлуде. Дей тұрғанмен, циркке баратын адамдар саны әлі де бар. Алайда жануарлар үшін арнайы дала кеңістігі болған дұрыс. Міндетті түрде қажет. Міне, егер жануарлар қорғаушысы - адамдар болып табылса, қорлайтын да сол адамдар. Сол үшін әр жануарлар өз әлем тіршілігінде өмір сүруі үшін әрекет етуіміз қажет. Тіпті, көптеген әншілер арыстанды сурет я болмаса өзіне назар аудару үшін пайдаланып жатады. Олардың организмдері табиғат құбылысына арналған және солай болып қалуы тиіс. Ғажайып құбылыстарды темір тор бейнесінен гөрі кеңістікте тамашалаған тиімді деп ойлаймын.

0 Пікір Кіру