Еліміздегі әлеуметтік желілердің қолданысы  - на weekend.bugin.kz
Orazai Nurtaevich - на weekend.bugin.kz Orazai Nurtaevich

Әлеуметтік желілер елімізге тигізер пайдасы


Қазақстан Республикасында 3,3 миллион адам,яғни халықтың 20
пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады. Бұл мәліметті
«Media System» компаниясы, «Brand Analytics» сервисі арқылы
анықтады.

 Айта кетсек, зерттеу жұмыстары 2018 – 2019 жылдар арасында

жүргіщілді. Белсенді қолданушы ретінде айына кем дегенде бір рет
хабарлама жариялаған адамдар алынды. Себебі, 2019 жылдың желтоқсан
және қаңтар айларында «Инстаграм» желісінде белсенділігін жоғалтқан
қолданушыларды шегерген болатын.
«Media System» компаниясының мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтары
ең көп қолданатыны – Павел Дуровтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісі.
Нәтиже бойынша желіні 1,945 миллион қолданушылар пайдаланады. Бұл
«ВКонтакте» желісі бір айда 45 миллион хабарлама жариялап отырады. Осы
әдеуметтік желіні пайдаланушылардың 53,8 пайызы – ер адамдар, 46,2
пайызы – әйелдер. «ВКонтакте»- да көбінесе 18 жасқа дейінгі жастар
отырады.
«Мой мир» желісі де Қазақстан азаматтары арасында кеңінен
қолданылып келеді. Бұл желі ең алғаш 1999 жылы ғаламтордағы тілдесудің
ең қолайлысы болып табылды. Еліміздің жас буыны бұл желіні 2013
жылдарға дейін тұрақты түрде қолданып келді.Бүгінде «Мой мир» іскерлік
қатынас немесе орта буынның қызметтеріне ғана қарқынды қолданады.
Бұрынғыша ғаламтордағы тілдесуге ең ыңғайлы желі ретінде табылмайды.
Бұл әлеуметтік желіде 155,3 мың азаматтар отырса, олардың 59,5 пайызы –
әйелдер, 40,5 пайызы – ерлер.
Танымалдығы жөнінен қарастыратын болсақ төртінші орынды
« Facebook» иеленеді. Бұл әлеуметтік желіні Қазақстанда 125,8 мың адам
қолданса, олардың көбі,яғни 60,3 пайызы – әйелдер.
"Одноклассники" әлеуметтік желісінің де танымалдығы артып келе
жатыр. Мұнда әлеуметтік желі қолданушыларынан 69,3 мың адам отырады,
олардың негізгі бөлігі 25 жастан асқандар. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік
желіде отыратындардың әрбір бесіншісі 55 жастан асқан үлкендер екен.
"Одноклассники" қолданушыларының 74 пайызы әйелдер болса, 26 пайызы -
ер адамдар.Танымалдығы жөнінен соңғы орында Twitter тұр. Бұл әлеуметтік
желіні 16,6 мың адам белсенді түрде қолданады. Олардың көп бөлігі, яғни 52
пайызы - ер адамдар.
Көштің басы «Instagram» әлеуметтік желісі болып табылады. Себебі,
бұл желі жастар арасында кеңінен танымал болып табылады. Бұл сервисті
Қазақстанда 1,336 миллион адам қолданады. Олардың көбі, яғни 71,9 пайызы
- әйелдер, қалған 28,1 пайызы - ер адамдар. Олардың жас шамалары туралы
мәлімет жоқ.
Виртулды әлемнің ортасында ғана жарқырамай, өмірдегі іс-әрекетіміз
болмысымызды ашатынын ұмытпағанамыз абзал. Әлеуметтік желіні еліміз
қолданып келе жатқаны әрине,мақтануға тұрарлықтай іс. Ақпарат билеген
заманда БАҚ көмекшісі ретінде әлеуметтік желілерді қарастыра аламыз.


0 Пікір Кіру