Disney студиясы Уилл Смиттің пері рөліндегі «Алладин» фильмінің жаңа тизерін ұсынды - на weekend.bugin.kz
Аружан - на weekend.bugin.kz Аружан

Жаңа тизерді You Tube желісінен тамашалай аласыздар

Disney студиясы «Алладин» мульфильмінің кино форматындағы тизерін ұсынды. «Карты, деньги, два ствола», «Большой куш», «Меч короля Артура» атты туындылардың авторы Гай Ричи бұл картинаның режиссері атанды. Сюжет бойынша Алладин әлемді жаулап алғысы келген Джафарға қарсы тұрады. Сонымен қатар Жасмин ханшайымға ғашық Алладин оның көңілінен шығудың амалын қарастырады.

Жаңа тизерде атақты американдық актер Уилл Смитті пері рөлінде көре аламыз.«Люди в черном», «Я робот», «Я – легенда» атты фильмдерді сомдаған талантты актер аталмыш фильмнің көрермендер қатарын көбейтті. Әлеуметтік желілерде қаһарманның сырт келбетіне көптеген жағымсыз пікірлер жарияланған. Ал видео жарияланған күні 19 дизлайк жинап үлгерді. Фильмді 2019 жылдың 24 мамырынан бастап барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.


0 Пікір Кіру