Жапониядағы таңғажайып пойыз туристердің қызығушылығын тудырды. - на weekend.bugin.kz
Tileuberdi Aldanysh - на weekend.bugin.kz Tileuberdi Aldanysh

«Sunrise express»

Жапония - технология мен өнеркәсіп бойынша әлемдегі көшбасшы ел. Ол 1964 жылы әлемдегі алғашқы жылдамдық пойызы арқылы алғаш рет сыналды және пайдаланылды. Шын мәнінде, жапон пойызы әлемнің басқа елдерінде де өндіріле бастады. Алайда, бүгінде Жапония жаңа технологияларымен әлемді таңғалдыруда.

«Sunrise express»

Sunrise Express - жапондық түнгі пойыз. Пойыз Токиодан Окойамаға дейін жүреді. Бұл пойыздың сапарынан жапондықтардың өмір салты мен мәдениетін толық түсінуге көмектеседі. Sunrise Express үшке бөлінеді.

Бірінші дәреже

Жолаушылар үшін  жеке ванна бөлмелері, радио, тәпшікелер, халат және төсек орындары бар. Сондай-ақ, бөлмедегі адамдарға душқа ақысыз кіруге болады.

Екінші дәреже

Жолаушылар үшін екі төсек орыны бір бөлмеде орналасқан. Сондай-ақ жеке дәретхана бар.

Жалпыға ортақ

Жалпыға ортақ вагондарда әрбір жолаушы үшін төсек бар. Әрбір төсекде әрқайсысында жаңа маталар мен көрпелер бар. Сондай-ақ мұнда міндетті түрде аяқ киімін шешіп кіру керек.

Қосымша қызметтер

Жалпыға ортақ дәретхана, тамақтану мейрамхана және әртүрлі сауда орыны бар. Сондай-ақ, 6 минуттық душқа ақы төлеп кіруіңізге болады.

0 Пікір Кіру