Дуалауға ұшыраған адамның қасіреті қандай болмақ? - на weekend.bugin.kz
Еділ Аяна - на weekend.bugin.kz Еділ Аяна

Арам пиғылдың адамды өлімге жетелейтінін білесіз бе?

Он сегіз мың ғаламды жаратушы Аллаһ Тағаланың құдіреті шексіз. Соның бірі, дуа арқылы адам санасына, жан-дүниесіне, тағдырына тікелей әсер ететін тылсым күш-дуалау. Негізінен, дуалау жақсы мақсатқа көзделген ілім болса, адам пиғылының жамандығы оны теріс ілімге айналдырғаны хақ.

Дуалауды арнайы дұғалар арқылы, белгілі бір адамға, оның ісіне, дүниетанымына, санасына бағытталып, жойқын әсер тигізу үшін оқытылады.Ол дұғаның оқылуы мысалы, шаш, киім бөлігі, тырнақ, ине жәна т.б заттармен пайдаланылып іск асырылады.Бұл заттар дұға бағытталған адамға тиесілі болуы да мүмкін.

Дуаланған жағдайда, адамның денсаулығы нашарлап, жұмыс жағы құлдырап, отбасы жағдайы, жеке басының проблемалары көбейіп, қиындыққа душар қылдыруы-дуаның бірден бір әсері.

Адам ішіндегі қызғаныш, жек көру, кек қайтару, қарғау және  т.б сол секілді сезімдердің жетегі кейбір жандарды, дуамен айналысатын адамдарға жүгінуге алып келеді.

Бұндайте тылсым күштің адам баласына әсерін мойындамайтын жандар жоқ емес.Бірақ, үй ішінде ата-аналарыңызда, үй үлкендерінде жастық ішін, киім арасынан, сурет артынан табылған шаш пен инелерді сұрастырып, бұндай жағдаяттардың барына көз жеткізуге болады.

Дуадан сақтанудың бірден бір жолы дұға оқып, Аллаһ Тағаланың бұйырған жолымен жүрсеңіз, барлық сізге келер зияннан сақтанатыныңызға ғапыл сенуіңізге болады.


2 Пікір Кіру