Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат... - на weekend.bugin.kz
Мөлдір Адамжан - на weekend.bugin.kz Мөлдір Адамжан

Абай Құнанбайұлының "Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат" өлеңіндегі айтылған ағалық ақылды інілері түсінді ме?

Жігіттердің біздің қоғамымызда алатын орны ерекше. Қазақ халқы ежелден-ақ ер баланы қыз баладан бір саты жоғары қойған. Әрқашан маңызды шешімдер мен соңғы сөзді жігіттер қауымы шығаратын болған. Сондықтан болар, әлі күнге дейін жігіттердің орны қаз қалпында сақталуда.

Жігіттердің мінезіне тән жақсы да, жаман да барлық қасиеттерді Абай атамыздың "Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат"  өлеңінен көре аламыз. Бұл өлеңде бір емес бірнеше жігіттер сипатталады. Олардың мінездері айқын бейнеленеді. "Кейбіреулер тыңдар үйден шыққанша, кейбіреулер қояр көңіл ұққанша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, абайлар әрбір сөзді өз халынша"- деп үш түрлі жігіттердің бейнесін бір шумақ өлең арқылы жеткізеді. Бес саусақ бірдей емес... Кейбіреулер айтқан сөзді лезде қағып алса, кейбіреуі құлағына да ілмейді, ал кейбіреуі әрбір сөзін ақылмен, сақтықпен айтады. 

Ендеше жаһандану заманының жігіттері қандай? Манағы өлеңдегі кейбіреулер сияқты ма? Иә! Бұл сұраққа менің берер жауабым осы. Неге? Себебі,қазіргі жігіттердің бойынан Абай атамыздың жаңағы өлеңіндегі барлық мінез-құлықтар табылады. Ойланбай сөйлейтін, істеген қатесін байқамайтын, жауапкершіліктен жұрдай, көрсеқызар жігіттер бүгінде қоғамда бар.Олардың саны көбеймесе азаймайтын секілді. Алайда, әрбір ісін терең ойланып жасайтын, досына адал, қыз баласын сыйлай білетін, сөзі мен ісі үйлескен жігіттерде баршылық. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді оларда қоғамда қатар жүреді. Бастысы ертеңгі күні нағыз қазақ жігіттері көп болса екен. Өз замананда талай адамға аға ретінде ақыл өнегесін айта білген  Абай атамыздың ағалық өсиетін  бүгінгі күннің інілері орындай алса екен... 

0 Пікір Кіру