Күнделік толтырасыз ба ? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Топ-8 Күнделік толтырудын пайдасы

1. Стрессті қағазға төгіңіз.  өз ойыңыздыды жазу да  терапияның бір түрі. Санаңызда идея, реніш немесе қуаныш тұрса да қағазға жазыңыз. Қағазға түскен барлық мәліметтен кейін миыңыз тазарып қалады. Өзіңізді жеңіл сезінесіз.

2. Ақылыңызды жүйелеп отырыңыз. Ойыңызға келген барлық жоспарларды  күнде жазып отырсаңыз,  жаңа идеяларға жол ашасыз. Шашыраңқы идеяларыңызды барлығын қағаз бетіне түсірсеңіз жинақтау оңай болады.

3. Жазу дағдысын жетілдіріңіз. Күнделік толтыруды жаттығу деп қабылдаңыз. Жиі жазсаңыз, оны орындасаңыз, кейін өз ойыңызды айту оңайырақ болады.

4. Ақша табыңыз. Жазғыштар бүгінде сұранысқа ие.  Жаңа мейрамханаға бардыңыз ба? Өз әсеріңізді жазып, материалды жергілікті газетке беріңіз.

5. Өзіңіз қалайтын нәрсені біліңіз. Көптеген адамдар ішкі бейтараптықтан зардап шегеді. Өмірде нені қалайтындарын түсінбейді. Жазбалар сізге бұрынғы ойларыңызға қайта оралуға мүмкіндік береді.

6. Аналитикалық ойлауды дамыту. Сіз қағазға өз ойыңызбен бөліскенде  қандай-да бір форманы қолданасыз. Әңгіме желісін құруды үйренесіз.

7. Өркениетке үзіліс жариялаңыз. Технология ғасыры адамды шаршататыны рас.Кабельді құрылғылардың арқасында көп жұмысымыз тез аяқталады. Бірақ қағаз бен қалам сияқты ұмытылған нәрселер сізге сабырлылықты үйретеді. Айналаңызда болып жатқан барлық оқиғаларды сүзгіден өткізіп сараптауға септігін тигізеді.

8. Өзіңізбен танысыңыз. Заман ағымы өзгерген сайын ілесуде қиынға соғуда. Күнделік толтырудың ең жақсы қасиеті сіз екі ай бұрын я болмаса бір жыл бұрынғы жазған жазбаларыңызды оқып қорытындылай аласыз.Сіз сол кезде: «Бұл маған тән емес», «Мен оны ешқашан жасамаймын», «Бұл менің қолымнан келмейді» деп жазған шығарсыз. Шындығында, күнделік сізге ең алдымен өзіңізді тануға көмектеседі. Сіздің әрекеттеріңіздің мотивтері, көздеген мақсаттарыңыз, идеялар эволюциясы - осының бәрі сіздің баға жетпес тәжірибеңіз, сіз үйренген қателіктер жиынтығы.

 

0 Пікір Кіру