Ми жұмысын жасартудың қарапайым 3 жолы  - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қартаю мидың жұмысына әсер етпейді

Сіз қартаю мидың жұмысына әсер етеді деп ойлайсыз, сіздің ойыңызша  табиғи құбылыс.  Бұл мүлдем дұрыс емес. Ия,  уақытты кері бұрып, зияткерлік пен білім деңгейіңізді қайта арттыра алмайсыз. Ересектерде жаңа нейрондардың пайда болуы гиппокампалы нейрогенез арқылы жүзеге асады. Гиппокамп мидың естеліктер сақтайтын бөлігі. Күн сайын біз жаңа дүниелермен танысып оны жинақтаймыз, ал  ұйқы кезінде олар түзеледі. Сондықтан өмірімізде неғұрлым жаңа заттар, іс-әрекеттер, адамдар, эмоциялар орын алған сайын  соғұрлым біз неврогенез процесінің жұмысын жиелетеміз. 

              Миды қалай жасартуға болады?

1. Жүрек  соғысын реттеңіз

Бұл тәсілге жүгіру, серуендеу сияқты аэробты жаттығулар оң нәтиже береді: сіз мидың жаңа жасушаларын өсіре аласыз. Салмақ жаттығулары да жақсы нәтиже береді. Аптасына 2,5 сағатты кардио жаттығуларына арнауға тырысыңыз. Спортзал, саябақ немесе ашық ауада жаттығу жасаған жөн.

 2. Дұрыс тамақтаныңыз

Дәрігеріңізбен кеңесіп, келесілердің бірін қолданып көріңіз:

Айына бір рет бір күндік ораза ұстаңыз.

Аптасына екі күн, әдеттегіден 50-60% аз калория тұтыныңыз. Мұны екі-үш ай немесе тұрақты режимге айналдырыңыз.

Сіз тамақтануға ыңғайлы кезеңді анықтаңыз: мысалы, таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін я болмаса түстен кешке сегізге дейін.

 

3. Ұйқыға ерекше назар аударыңыз

Ұйқы мидың глифатикалық жүйемен «тазартылуын» жүзеге асырады. Егер адам жеткілікті ұйықтамаса, оның есте сақтау қабілеті нашарлайды. Сондықтан, 7-9 сағат ұйықтауға тырысыңыз. Қажет болса, түстен кейінгі ұйқыдан да  бас тартпаңыз.

Егер сіз демалыс күндері әрдайым жұмыс күндері сияқты ерте оянсаңыз қалыпты жағдай.  Ал күндіз көп ұйықтасаңыз, онда сізде бір нәрсе дұрыс болмауы мүмкін.

Кешке таман  йога немесе релаксация тәжірибесін қолданып көріңіз, Бұл ұйқының қануын, режимін жақсартады.

Жоғарыда көрсетілгендердің бірін жасап көріңіз.  Әдетке айналғанша  жұмыс істей беріңіз. Бір жылдан кейін сіз өзіңізді бұрынғыдан да сау, жігерлі сезінетіндігіңізді байқайсыз. Миыңызды жасартасыз.

0 Пікір Кіру