19-21 мамыр күндері ауа райы қандай болады? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 19-21 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Олардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

"Қазгидромет" өкілдерінің айтуына қарағанда, алдағы күндері Солтүстік-батыс циклонының өтуімен және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Ауа температурасының төмендеуі күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде жоғарылайды.

0 Пікір Кіру