Пессимизм-Оптимизим.  Қайсысын таңдайсыз?  - на weekend.bugin.kz
Інжу Өмірзақ - на weekend.bugin.kz Інжу Өмірзақ

Егер сіз бірнеше жылдар бойы әлемге пессимистік көзқараспен қарап жүрсеңіз, біз сізге көмектесетін бірнеше кеңестер жинадық

Пессимист болу сіздің көңіл-күйіңізге ғана емес, денсаулығыңызға да зиянын тигізеді.

Көбісі позитивті ойлауды «біртүрлі» ретінде қабылдайды. Әйтсе де, оптимизм  позитивті ойлаудан пайда болады: ғылыми зерттеудің нәтижесі көңілді және өзіне сенімді адамдар ұзақ өмір сүреді, депрессиядан аз зардап шегеді, күнделікті күйзелістерді жеңіп, ауруға қарсы тұра алады деп болжайды. Осыны біле тұра пессимист болуды жалғастырасыз ба ?

             Күнді оң көзқараспен бастаңыз

Таңертең - бұл өте маңызды кезең. Айнаға барып, өзіңізге «бүгін жақсы күн болады» немесе «бүгін мен жетістікке жетемін» деп айтыңыз. Бұл тәсілді алғаш орындағанда аса қатты сенім білдірмеуіңіз мүмкін, бірақ ол маңызды емес. Осы тіркестерді үнемі қайталасаңыз өзіңіздің қалай сенгеніңізді, ойыңыздың өзгергенін де аңғармай қаласыз

                     Жақсылыққа көңіл бөл

Кейде өмірде барлығы біз қалағандай бола бермейді. Келеңсіз жағдайлардың жақсы жақтарын іздеуге тырысыңыз. Кептеліске түсіп қалдыңыз делік, бірақ сізде пайдалы подкасттар немесе сүйікті әншіңіздің  жаңа альбомын тыңдау мүмкіндігі бар.

Осындай тәжірибеден бірнеше күн өткен соң, сізді ренжіткен нәрселердің де оң жақтарын таба аласыз.

              Жабырқататын Жағдай болса да әзілдеңіз

Көптеген адамдар өмірлерінде орын алған оқиғаларға қатты алаңдайды.

Әзіл миды қорқыныштан тазартуға көмектеседі. Өмір жалғасатынын да  еске салады. Келесі жолы, қиындық туындағанда, оны әзілдеу арқылы жеңіңіз. Бұл стрессті жеңілдетеді және не болып жатқанын саналы бағалауға мүмкіндік береді.

                      Қателіктерден сабақ алыңыз

Ешкім керемет емес. Сіз міндетті түрде қателік жібересіз: әр түрлі адамдармен және әртүрлі уақытта. Қайғырмаңыз және өзіңізді кінәлауды доғарыңыз.

Жағдайды жақсырақ талдап,  қателіктен нені үйрете алатындығыңызды ойланыңыз. Келесі де қайталамауға тырысасыз.

             Позитивті ішкі диалог құрыңыз

Ішкі диалог дегеніміз - бұл сіз  және сіздің әрекеттеріңіз туралы ойларыңыз. Біз пессимистік көзқараспен қабілеттеріміз туралы жаман ойлайтынымызды байқамаймыз. Әсіресе сәтсіздіктерден кейін: «Неліктен мен бұлай істедім», «Мұндай ақымақтықты айтпау керек еді», «Мен жетістікке жете алмадым,  мен ештеңе жасай алмаймын».

Мұндай ойлар біздің өзімізге деген сенімділігімізді жоғалтады. Стресс тудырады. Ішкі дүниеңізбен өзара сұхбаттасу әлдеқайда тиімді. «Неліктен мен бұлай істедім?» - «Ешнәрсе етпейді, келесі жолы ашуға берілмеймін». «мен жетістікке жете алмаймын, ештеңе істеуді білмеймін» дегеннің орнына - «жаттығу жасап, тағы бір рет көруім керек» деп өзіңізді сыйлауды үйренесіз.

            Позитивті адамдармен араласыңыз

Егер сіздің айналаңыз оптимист адамға толы болса, онда сіз әр түрлі позитивті нанымдар мен көзқарастар туралы оң пікірлерді естисіз. Уақыт өте келе сіздің санаңыз да бейімделеді.Шындыққа теріс қарамай, жақсылықты да  байқауды үйренесіз. Сонымен қатар, позитивті адамдар басқаларға қолдау көрсетуге  тырысады, өйткені оларда күш-қуат жеткілікті. Қолдау артық болмайды: кез-келген адамға қажет.

0 Пікір Кіру