Көркі көз тартатын қалалар - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Саяхат-адамды ақылды етеді

Рио Де Жанейро

Рио планетаның ең әдемі жерлерінің бірінде орналасқан. Егер Пан-ди-Асукар тауының басында тұрсаңыз, үлкен қаланың панорамалық көрінісінен жасыл тропикалық ландшафт пен әдемі ақ құмды жағажайларды тамашай аласыз. Бұл қала түнде өте әдемі жарықтарымен таң қалдырады.

Флоренция

Тоскана облысының астанасы, Италия. Флоренция - бай тарихы бар және керемет сәулетімен әйгілі қала.  сонымен қатар әлемдегі ең ірі қалалардың бірі, мұнаралары мен күмбездері көздің жауын алады. Флоренцияға барсаңыз құдды бір ертегі әлеміне еңгендей күш кешесіз.

Венеция

Көбісі Венецияны әлемдегі ең әдемі қала деп санайды, және қателеспеген. Венециядағы әр ғимарат - бұл өнер туындысы және оның әсемдігіне сөз жетпейді. Венеция –өте әдемі саналатын ондықтың қатарына енуге тұрарлық романтикалық қала.

Ыстамбұл

Ыстамбұл - шығыс батыспен кездесетін сиқырлы қала. Ыстамбұлдың әсемдігі өзінің таңғажайып сәулетімен ғана шектелмейді, өйткені қала  мәдени құндылыққа ие. Ыстамбұл көшелерімен бара жатып, көрнекті шіркеулер, мешіттер және басқа да керемет ғимараттар сіздің Түркияға махаббатыңызды ашады.

Будапешт

Будапешт - Еуропаның інжу-маржаны. Дунай өзенінің екі жағында орналасқан Буда және Пешт деп аталатын екі бөліктен тұрады. Тауда орналасқан Буда готикалық ескерткіштерге толы, дәл осы жерде таңғажайып король сарайы орналасқан. Өзеннің арғы жағында Пест орналасқан, оның Ескі қаладағы таңғажайып романтикалық  көшелері және әсем ғимараттары бар.

Париж

Париж, әрине әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Париждегі кафе үстелінде біраз уақыт отырсаңыз Парижден кеткіңіз келмей қалады. Шамдар қаласы -  ең талғампаз, әсем және әдемі қалалардың бірі. Эйфель мұнарасына, Луврға және Елисейлерге баруды ұмытпаңыз. Париж - бұл әр адам өз өмірінде кемінде бір рет баруы керек қала.

Прага

Прага Чехияның астанасы,  шпильдер қаласы ретінде белгілі. Қала тарихтың әр кезеңінде әдемі сақталған ғимараттар мен ескерткіштерге толы. Ұзын көшелермен серуендеп, Праганың жасырын сұлулығымен танысыңыз, әйгілі Чарльз көпірін көріңіз.  Прага - сізді әрдайым қуантып, таң қалдыратын қала.

Нью Йорк

Нью-Йорк  ең әдемі қала болмауы мүмкін, бірақ Манхэттеннің таңғажайып көріністерін бейнелеуге сөз жетпейді. Нью-Йорк шулы жән еркін қала, сізге рахат әкеледі.Ол әлемнің көптеген басқа заманауи қалаларға  үлгі болатын ерекше сұлулыққа ие.

Рим

Әлемдегі ең таңғажайып және әдемі қалалар тізімінде келесі - Рим. Бұл - өнер, мәдениет және тарих меккесі. Жеті төбеде орналасқан Рим әлемдегі ең классикалық сәулет ескерткіштеріне ие. Қала Колизей және Пантеон сияқты тарихи құнды інжу-маржандарға толы.

Амстердам

Амстердам – серуендеуге арналған қала. Әр жаңа көпірден, жаңа жолдан өтіп, сіз жаңа бір нәрсені таба аласыз. Қалада сәлет өнерін көптеген ғимараттардан, тіпті кеңселерден де, үйлерден де кездестіруге болады. Амстердам өте сүйкімді.Қай жеріне барсаңыз да кофе толы кафелерді кездестіресіз.

0 Пікір Кіру