Ата-аналар қатыспайды: Соңғы қоңырау шарасын өткізу тәртібі белгілі болды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Министрлік соңғы қоңырауды өткізу тәртібін жариялады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырауды өткізу тәртібін түсіндірді.

"11-сынып түлектеріне аттестатты 3-4 маусымда тапсыру туралы шешім қабылданды. Жыл сайын аталған іс-шара маусымның ортасында өткізілетін. Түлектерге арналған қорытынды аттестацияның болмауына байланысты және ҰБТ-ға дайындалу қажеттілігін ескере отырып, біз аталған іс-шараны маусым айының басына ауыстырдық", - деп жазды Каринова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы қоңырау мектептің жанында өтеді. Бірақ ата-аналарға қатысуға рұқсат жоқ.

"Мерекені өткізудің ерекшелігі - 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Сонымен қатар іс-шара міндетті түрде мектеп жанында таза ауада қонақтардың қатысуынсыз, тек 11 сынып оқушыларының қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуі тиіс. Түлектерге әдеттегі мектеп формасымен қатысу ұсынылады", - деп атап өтті Каринова.

Салтанатты бөлімнен кейін экология министрлігімен бірлесіп, мектеп түлектерінің ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта осы акция жыл сайын 25 мамырға орай ұйымдастырылатын болады.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру