ЛАЙФХАК: Емтиханға қалай дайындаламыз? - на weekend.bugin.kz
Інжу Өмірзақ - на weekend.bugin.kz Інжу Өмірзақ

Жаздық емтихандар жақындап келеді. Біз сізге емтиханды өте жақсы тапсыруға көмектесетін кеңестер жинадық.

   Оқу стилін анықтаңыз

Әркім әр түрлі. Сондықтан емтиханға дайдындалу стратегиясы да әр түрлі болады. Сіз өз жеке сипаттамаңызға сүйеніңіз. Егер сіз аудиолог болсаңыз оқулықтар мен конспектіңізді дауыстап оқып шығыңыз.Күрделі сұрақтардан бастаған дұрыс. Шаршап, күш жоғалтпастан бұрын олармен күрескен дұрыс. Кейінге оңай сұрақтар қалдырыңыз.

        Есте сақтауды емес, түсінуді үйреніңіз



Билетті оқыңыз, оны жаттауға тырыспаңыз.Оған көп уақыт кетеді. Сұрақтардан логикалық байланыстарды табыңыз. Түсініп оқысаңыз емтиханда автоматы түрде есіңізге түсетін болады. Қрине  әр тақырыпта жатқа білу керек ақпараттар бар: жылдар, формулар, анықтамалар. Бірақ егер сіз логиканы түсінсеңіз, оларды орындау оңайырақ.

Емтихан кезінде материалды өз сөзіңізбен жазыңыз, айтыңыз.

                           Методика «3–4–5»                     

Қысқа мерзім ішінде емтиханға толық дайындалғыңыз келсе бұл сізге жақсы әдіс.Тек үш тәулік уақытыңызды алады, бқрқ көп жұмысты артта қалдырады. Күн сайын барлық материалдарды пысықтап алу керек, бірақ әр сағаттың берер нәтижесі басқа. Алғашқы күні сіз тақырып бойынша білімді жаңарту үшін бүкіл жинақты немесе оқу-жаттығу нұсқасын оқыдыңыз, шамамен айт –анда –емтихан барысымен таныстыңыз. Екінші күні сіз сұрақтардың жауаптарын іздей бастайсыз. Бұл жолы қосымша мәліметтер тауып, кітап ақтарасыз.Бұл этаптан жақсы көрсеткішпен шықсаңыз келесісі оңай. Соңғы күні сіз жауаптарыңызға қанағаттанасыз: бірақ қайталаңыз, ақ параққа жауаптарыңызды жазып, есте сақтаңыз. Осыдан кейін сіз емтиханды өте жақсы тапсыруға дайынсыз.

  Оқуға екі күн, қайталауға бір күн

Жүйе өте қарапайым: барлық материалдарды екі бірдей бөлікке бөліп, екі күнде үйрену керек. Үшінші күн толығымен қайталауға арналады.


  Уақыт шегін орнатыңыз

Егер сіз бір сұрақ бойынша ұзақ уақыт отырғаныңызды сезесңіз, оны өткізіп жіберіңіз. Дайындықтағы ең жақсы мотиватор - бұл таймер. Бір сұраққа қанша уақыт бөлуге болатындығын шешіңіз, мысалы 30 минут. Мерзім өткеннен кейін келесіге көшіңіз.


Билеттерге жауап жоспарын құрыңыз

Кез-келген, тіпті ең ауқымды сұрақтың өзі бір-екі сөзбен сипатталуы мүмкін. Жазар тақырыбыңыз: Негазгі бөлім, идея және қорытындыдан тұрса жауабыңыз нақты әрі жинақы көрінеді.

Екі-үш адаммен бірге дайындалыңыз

Ең қиын тақырыптарды жазып алыңыз. Ұжымдық пікірталас оларды тезірек шешуге көмектеседі. Бірге дайындалатын группаластарыңызбен ынтымақтастық орнатқан дұрыс.Емтиханға дайындалу достық әңгімелермен, етдеттеги кездесуге айналып кетпесін. Әрине   бұл әзіл айтуға, демалуға тыйым салынған дегенді білдірмейді. Кездесудің негізгі мақсатын ұмытпаңыз.

        Өзіңіз қалғанда ...

Үзіліс жасаңыз. Ол сізге   босаңсуға және миыңызға жаңа ақпаратты орналастыруға көмектеседі.

Телефонды өшіріңіз, әлеуметтік желілерге кірмеңіз, теледидарға жақындамаңыз. Егер қиындық тудырса, көңіліңізді алаңдататын нәрселерді қалай жеңуге болатындығы жайлы кеңестер оқыңыз.

Ұйқыңыз қандырыңыз.Тамақ туралы да ұмытпаңыз: бұл сіздің денеңізге қосымша күш береді. Алайда, артық тамақтанбау керек.Әдетте түскі астан кейін ол ұйқы басады.

Стресстік жағдайлар мен жағымсыздықтардан аулақ болыңыз. Сабақ барысындағы атмосфера барынша қолайлы болуы керек.

                                                                                                                                                                                           


0 Пікір Кіру