Мектептерде соңғы қоңырау маусымда болады - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау маусым айында өтеді

3-4 маусымда мектептерде соңғы қоңырау шарасы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте айтты.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталады.

Оның айтуына қарағанда, 3,3 млн оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 млн студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жоспарлы түрде өтеді.

0 Пікір Кіру