Daryn.online: Платформадағы барлық сабақ 0 теңге - на weekend.bugin.kz
Daryn.online - на weekend.bugin.kz Daryn.online

Білім және ғылыми министрі атап өткен онлайн білім беру платформасы жұмысын бастады

Президенттің елдегі төтенше жағдай жариялауына байланысты мектеп оқушылары каникулға ерте шықты. Бұдан бөлек олардың онлайн білім алуларына жағдай жасау үшін елдегі жекеменшік оқу орталықтары, онлайн білім беру платформалары іске кірісті. Солардың бірі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап өткен Daryn.online білім беру платформасы республикадағы барлық оқушыларға сабақтарды тегін оқыту жұмыстарына кірісті.


Аталған жұмыс бойынша аймақтағы серіктестер облыс, қалалардағы білім бөлімінің басшыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарына кірісті. Платформаға күн сайын орта есеппен 1500 оқушы тіркеліп, онлайн білім алып жатыр.

Платформа қазір барлық пәндер бойынша толықтыру жұмыстарын енгізіп жатыр. Сәуірдің бесіне дейін аталған жұмыс аяқталады және оқушылар барлық пән бойынша онлайн білім алуға мүмкіндік алады.

0 Пікір Кіру