Швейцария президенті өзімен бір күнде дүниеге келгендерді туған күніне шақырды - на weekend.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на weekend.bugin.kz Бота Куанышбекова

Мерейтой...

Швейцария президенті Симонетта Соммаруга сол күні және сол жылы дүниеге келген өз елінің барлық азаматтарын өзінің 60 жылдық мерейтойына шақырды, деп жазады The Local.

Салтанатты шараға қатысуға шешім қабылдаған азаматтар президент сайтына тіркеліп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберуі тиіс.

Симонетта Соммаруга 1960 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Ол Бернге жақын жерде өзінің мерейтойын атап өтпекші. Мерекенің егжей-тегжейлері жария етілген жоқ.

Мемлекет басшысымен бір күнде 260 швейцар азаматы дүниеге келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Симонетта Соммаруга Швейцария Конфедерациясының Президенті қызметіне 2020 жылдың 1 қаңтарында кіріскен болатын.


0 Пікір Кіру