Мәңгілікке сақтаулы «Атамекен»! - на weekend.bugin.kz
Інжу Өмірзақ - на weekend.bugin.kz Інжу Өмірзақ

Қанапия Темірболатұлы Телжановтың «Атамекен» полотносына шолу

Атамекен тіркесі қазақтың маңдайына біткен ұлы сөзі. Әнұранмен пара-пар келетін Атамекен әнін қазақтың қаны бар, барша халық жатқа біледі. 

Себебі Қазақ атауы құрылған сәттен бастап ұлттық рухтың не екенін біліп өскен халықпыз. Көптеген шетел ғұламаларының біз туралы пікірі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда қазіргі таңда бізге керегі көңілдің қуанғаны емес, рухтың асқақтағаны. Атамекен сөзінің мағынасын 5 жастағы бала мен 50 жастағы егде азаматтан сұрасаңда бір тіркесті, бір пікірді қайталайды. Ал бұл сөздің ақиқаты Қанапия Телжановтың 61 жылдық тарихы бар өнер туындысында бейнеленген. Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз - Қанапияның қылқаламынан шыққан «Атамекен» .

Бала көңіл аңғарады барлығында...

Дәл осы картинаны ізденіс қып сабаққа қосқаныңыз сөніп бара жатқан шырақты қайта жаққандай болдыңыз. Қазақтың қанына дарыған  қасқалдақтай тарихымыздың тарғалаң жолы - кең байтақ жеріміз бен ананың сүтімен дарыған қазақ тілінің қадірін түсіндірді. 1958 жылы жарық көрген «Атамекен» полотносы бар қазақтың сан ғасырлық ғұмырын өз бейнесіне сыйғызған ұлы картина. Ұлы зиялыларымыз өз толғауын арнайы дүйім жұртқа ой салу, қоғамдық сананы қозғау тақырыптарында жырлап, абақтыға қамалса, қылқалам иелерінің астарлы ақиқатын жоғары шендердің түсінбеуін жақсылыққа жорыған-ды. Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам», Дулатовтың «Оян қазағын», Мағжанның «Сағынышын» бір арнаға тоғыстырғанда  дәл осы сурет. Суық түсті бояулармен салынсада жанарға жылу ұялататын қасиеті – суреттің нақты аргументі.

Суреттегі сары түс жасандылықты аңғартады. Ел есінен ешқашан ұмытылмайтын Желтоқсан оқиғасының өткен барысын Кеңес үкіметі дәл осылай жасанды сары түс секілді жылы жауып қойғанды, астарындағы ақиқат жыртылған жер сынды. Қиямет пен қайғыға толы қазақ ғасыры ат үстінде тұрған қарияның келбеті іспеттес. Бұл келбет қиын-қыстау кезеңдегі өзге елдің боданындағы қызымыз күңдікте, ұлымыз құлдықта, бір шені өссе қойшы, одан қалса үйір бағар малшының азаттықты аңсаған,еркендіктің, елдіктің келерін сезер бейне. Суретпен сырласу - құдірет. Туынды суретшінің ғана емес,барша халықтың тұтас бір тағдырын суреттеген туынды. Ақиқатпен алысқан төл тарихымыздың ашылмаған тұстары дәл осы картинадай. 

Ашылмаған тұстарына тағы да бес жылдық толғауды қосамыз, Қытайға сатпақ болған жеріміз бар, бабамыз қызғыштай қорып аманат еткен жерін өз қазағына сатар үкілі үкімет бар. Атамекен полотносы 550 жылдық қойнауды суреттесе, қазіргі Тәуелсіз еліміздің қылқалам иегерлері не саларын білмей жүрме екен? Тіл бостандығына шектеу қоятын еді, ал қазір суретке де сөйлеуге мұрша жоқ. Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухсыз тәуелсіз ел болмайды» дегені шындықтың шымырлаған тұсын анық көрсеткендей. Бір ғана бояумен де бүкіл халық болмысын бейнелер суретшілер Кеңес үкіметі кезінде көп болды. Олардың салатын тақырыбы үнемі күйініш, қайғы. Өйткені заман ағымы солай болатұғын. Қазір ше, әрине, көк туымыз еркін желбірер еркіндік алаңында өмір сүрудеміз. Алайда түрлі ағымның ағысымен кеткен адамдардың санасын ой саларлық суреттермен өзгерту әдісін неге қолданбасқа? Бұл да бір дерт емес пе ? Бар қазақтың сұлбасын бір шаршы метрге сыйғызған суретшінің өз ғұмыры да «Атамекен» картинасында. Дертке дауа болар дүние саналған бұл сурет ел есінен шықпайды. Сіз болып, біз болып тамыры тереңге жайылған қазақ тарихын бір ғана суретпен түсіндіре алатын туындының бар екендігін жеткізсек, ұлттық рухтың жаңғыруын өзімізден бастаймыз!


0 Пікір Кіру