Жалқаулықты қалай жеңуге болады? - на weekend.bugin.kz
Мадина Тілек - на weekend.bugin.kz Мадина Тілек

Жаман әдеттермен күрес

Жалқаулық кез келген істі қиындатады. Маңызды істерді күнде кейінге ысырып қоямыз. Адамның осы әрекетін ғылымда "прокрастинация" деп атайды. 

Бірақ прокрастинацияны демалыспен шатастыруға болмайды. Себебі демалыс кезінде біз күш-қуатымызды қалыпқа келтіреміз. Ал прокрастинация кезінде керісінше оны жоғалтамыз.

Маман Вероника Степанова бұл әдеттен арылуға көмектесетін нақты техника ұсынды.

- Бір істі кейінге қалдырып жатқан сәтте өзіңізді қолға алуға тырысыңыз. Кейін нақты неден қорқатыныңызды анықтаңыз. Бәлкім осы жиналып қалған жұмыстардың барлығын жүзеге асырғанда сіз бай болып кететін шығарсыз? Яғни бұл сіз бай болудан қорқасыз деген сөз. Бай болсаңыз, бақытты боласыз. Ал бақытты болу деген — сіз үшін күнә. Өмірлік ұстанымыңыз "Жусаннан аласа, бетегеден биік" болуым керек болуы да ғажап емес, - дейді ол. 

Енді осының астарын талдайық. Жалқауланып отыра беретін болсаңыз өміріңіздің өзгермейтіні анық.


0 Пікір Кіру