Алланың 21 есімін айтып жүріңіз, сауап болады... - на weekend.bugin.kz
Аружан Көркем - на weekend.bugin.kz Аружан Көркем

Аллах Тағаланың 99 көркем есімі

Бәріміздің дініміз бір, тіліміз бір. Жаратушымыз Аллаһ тағаламыздың көркем де мағыналы 99 есімін біреуіміз біліп жатамыз, біреуіміз білмейміз. Сол 99 есіммен танысып, олардың мағынасын терең білу мақсатында осы блогты жазып отырмын.

1. الله T Аллаһ – Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

2. الرَّحْمَنُ T Ар-Рахману – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Аллаһ тағала мүмин-мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ ол адам қаталдықтан арылады.

3. الرَّحِيمُ T Ар-Рахиму – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе қайғы-қасіреттен аман болады.

4. المَلِكُ T Әл-Мәлику – Патша, Ол әлемді қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, ақшадан қысылмайды.

5. القُدُّوسُ T Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін келбеттен тыс.

6. السَّلاَمُ T Ас-Сәламу – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса шипа табады.

7. المُؤْمِنُ T Әл-Му:мину – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.

8. المُهَيْمِنُ T Әл-Мухаймину – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса Аллаһ тағала оны рухани тазартады.

9. العَزِيزُ T Әл-Азизу – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса Аллаһ тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.

10. الجَبَّارُ T Әл-Жәббару – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа соны кімге де болсын істете алады.

11. المُتَكَبِّرُ T Әл-Мутакаббиру – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе халық арасында құрметті болады.

12. الخَالِقُ T Әл-Халиқу – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.

13. البَارِىءُ T Әл-Бариу – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Аллаһ әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бариу, Әл-Халиқу, Әл-Мусаууиру» деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ тағалаға дұға етсе, иншааллаһ оған Жаратушы бір нәресте береді.

14. المُصَوِّرُ T Әл-Мусаууиру – Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Аллаһ тағалаға ешкім теңесе алмайды.

15. الغَفَّارُ T Әл-Ғаффару – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Аллаһ тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффару ғфирли» деп айтып жүрсе, Аллаһ тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.

16. القَهَّارُ T Әл-Қаһһару - Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Аллаһ тағала ол адамның иманын күшейтеді.

17. الوَهَّابُ T Әл-Уаһһабу - Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.

18. الرَّزَّاقُ T Ар-Раззақу – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.

19. الفَتَّاحُ T Әл-Фәттаху – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді. Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Аллаһ тағаланың бұл әдемі атын таң намазынан кейін 70 рет қайталаса жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.

20. العَلِيمُ T Әл-Алиму – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол T әр нәрсені толық біледі және де Ол T білмейтін ешнәрсе жоқ. Аллаһ тағала – білушілердің білушісі. Аллаһ тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Аллаһ тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.

21. القَابِضُ T Әл-Қабиду – Қысып алушы. Кімге қаласа ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе аш-зарыққан болмас.

0 Пікір Кіру