6 ақпан күнгі кинопремьералар - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Әділхан Ержановтың картинасы прокатқа шықты

Сонымен қатар Харли Куинн бастаған қыздардан құралған қаһармандар тобы туралы кинокомикс, басқа да қызықты картиналар бар.

«Жыртқыш құстар: Жалғыз басты Харли Куиннің қамсыз еркіндігі» Хищные птицы: Потрясающая история Харли Квинн» / «Birds of Prey: And the Fantabulous Emancipation of One Harley Quinn») [18+]: DC киноғаламының жаңа фильмі. Марго Роббидің орындауындағы Харли Куин экранға қайта оралды.

Фильмде Харли Куинн бастаған қаһарман қыздардың басынан кешкен оқиғалар баяндалады. Ол Қара шымшықпен, Аулаушымен және Рене Монтойямен бірігіп Готэмнің қандықол қылмыскері Қара Маскаға қарсы тұрады.

«Қап-қара адам» Черный-черный человек») [16+]: отандық режиссер Әділхан Ержановтың жұмысы. Картинаның әлемдік тұсаукесері 2019 жылы қыркүйекте Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында өтті.

Фильм ауылда өлтірілген баланың оқиғасын баяндайды. Тергеуші Бекзат (Данияр Алшынов) істі тез арада жапқысы келеді, себебі кінәліні – зиянсыз ақымақ Пукуарды (Теоман Хос) – жергілікті полицейлер тауып қойған. Тек қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) іске араласқанда ғана, іс орнынан қозғалады. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережеге сай жүргізуге тура келеді…

«5 бақытты сан» Счастливое число 5» / «5 è il numero perfetto») [18+]: Италияда түсірілген драма-триллер. Фильмде итальян киносының жұлдызы Тони Сервилло ойнайды.

Сюжеті 70 жылдары Италияның қылмыс астанасы саналатын Неаполде өрбиді. Кішкентай Цицерон есімді жендет қартайып, зейнетке шыққан. Өзінің қауіпті ісін ұлына қалдырады. Бірақ оны әлдекімдер өлтіріп кетеді. Кішкентай Цицерон өткен өміріне қайта оралып, кінәліні анықтамақ.

«Отпен ойнау» Игры с огнём» / «Playing with Fire») [6+]: америкалық отбасылық комедия.

Оқиғасы өрт сөндіру бөлімінің қатал бастығы Джейк Карсон мен оның мықты командасы туралы баяндайды. Олар орман өртінің жолында қалған үш баланы құтқарады. Балалардың ата-анасы табылмаған соң, өрт сөндірушілерге олардың күтіп-бағуға тура келеді.

Бұларға қоса, кішкентай көрермендерне арналған «Тролль: История с хвостом» / «Troll: The Tale of a Tail» және «Викинг Вик» / «Vic the Viking and the Magic Sword» анимациялық фильмдері прокатқа шықты.


0 Пікір Кіру