30 қаңтар күнгі кинопремьералар - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бүгін «Оскарға» үміті бар екі картина прокатқа шықты

Сонымен қатар Нұрлан Қоянбаев түскен ромком бар. Осы және басқа да жаңа фильмдер туралы төмендегі шолуда.

«1917» [16+]: «Америка сұлулығы» үшін «Оскар» алып, Бондиананың екі фильмін түсірген Сэм Мендестің атышулы картинасы. Картина биыл көп жүлдеге қол жеткізді, оның ішінде екі "Алтын глобус" бар. Бұған қоса алда келе жатқан "Оскардың" он номинациясына үміткер.

Фильм оқиғасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде өрбиді. Екі жауынгерге жедел хабар жеткізу тапсырылады. Бұл хабар катастрофаға әкелетін шабуылдың алдын алуы тиіс. Басты рөлдерден Джордж Маккэй, Дин-Чарльз Чепмен, Марк Стронг, Эндрю Скотт, Ричард Мэдден, Клэр Дюбюрк, Колин Фёрт, Бенедикт Камбербэтч секілді актерлерді көреміз.

«Кішкентай әйелдер» («Маленькие женщины» / «Little Women») [12+]: Луиза Мей Олкоттың әйгілі романының желісімен түсірілген Грета Гервигтің драмасы. Картина "Оскардың" алты номинациясына үміткер.

Фильм бір-біріне ұқсамайтын әпкелі-сіңлі төрт қыздың есею шағы туралы баяндайды. Оқиға АҚШ-тағы азамат соғысы кезінде өрбиді, бірақ қыздардың басындағы проблема қай заманда болсын маңызды: алғашқы махаббат, түңілу, сағыну және өмірден өз орнын іздеу.

«My love is Aisulu» [6+]: Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова ойнайтын романтикалық комедия.

Сюжетте сценарийшілер байқауында кезекті рет ұтылып қалған жасық Санжар туралы баяндалады. Үйіне қайтып келе жатып Айсұлу есімді қызбен танысады. Бойжеткеннің көңілінен шықпақ болып Америкада фильм түсіремін деп өтірік айтады. Бір күні Айсұлудан АҚШ-қа ұшып келемін деген хабар алады. Қыздан кешіріп сұрап, шынын айту үшін Санжар да енді Америкаға аттанауы керек.

«Миллион ұсақ сынық» Миллион мелких осколков» / «A Million Little Pieces») [18+]: түсірілім жұмысына ерлі-зайыпты Сэм Тейлор-Джонсон мен Аарон Тейлор-Джонсон қатысқан 2018 жылғы драма.

Сюжет бойынша Джеймс есімді жас жазушы ұшақ бортында оянады. Ол осыған дейін не болғанын білмейді. Көп кешікпей Джеймс оңалту орталығына жіберілгені анықталады. Емделу кезінде бір бойжеткенмен танысады. Алайда клиника ережесіне сәйкес оған ғашық болуға тыйым салынған.

«Әсем ән» («Идеальная няня» / «Chanson douce») [16+]: француз қылмыстық драмасы.

Фильм бала бағушы әйел туралы. Ерлі-зайыптылар оған балаларды сеніп тапсырды, пәтер кілтін берді. Бірақ олар мейірімді әйелдің ішінде жалмаушы түнек тынып жатқанын білмеп еді.

«Гретель мен Гензель» («Гретель и Гензель» / «Gretel & Hansel») [16+]: бұл үрейлі триллер ағайынды Гриммдердің ертегісін жаңаша баяндайды.

Ағасы мен қарындасының оқиғасы Сиқырлы орманда өтеді. Қарны ашқан Грета мен Гензель жынның асүйінен тамақ ішіп, азаптың небір түрін бастан өткізбек.

«Кома» [16+]: Ресейдегі ірі жобалардың бірі. Басты рөлде - Риналь Мухаметов.

Фантастикалық картинада қорқынышты апаттан кейін түсініксіз әлемге тап болған кейіпкер туралы айтылады. Бұл комадағы адамның естеліктерінен құралған әлем еді. Адам жады үзіктерден тұрады, ол бейберекет және тұрақсыз. Комадағы кеңістік те дәл сондай, бұл жерде кез келген физика заңы бұзыла алады. Кейіпкер өмірі үшін күресіп, шын әлемге апаратын жолды табуы тиіс.

«Қылышпен билеу» («Танец с саблями») [16+]: белгілі кеңес композиторы Арам Ильич Хачатурян туралы өмірбаян-драма.

Фильм оқиғасы 1942 жылы соғыс кезеңінде өрбиді. Ленинград академиялық опера және балет театры Молотов қаласына көшіріледі. «Гаянэ» спектаклін қоюға дайындық жұмыстары ауыр жағдайда жүреді: балериналардың қарны аш, соғыстың ауыртпалықтары өнерпаздарға да әсер етеді. Соңғы репетиция алдында Хачатурянға бұйрық келеді – дайын балеттің соңғы бөлігіне тағы бір би қосу. Композитор 8 сағат ішінде ең танымал туындысын жазып шықпақ.

Прокатқа шыққан басқа да фильмдер:

- «Playmobil фильм» («Playmobil фильм: Через вселенные» / «Playmobil: The Movie») [6+]: бірнеше елдің қатысуымен жасалған мультфильм;

- «Ярдтар» («Ярды») [16+]: үлкен қаланы бағындыруға келген жас жігіт туралы ресейлік драма.


0 Пікір Кіру