9 қаңтар күнгі кинопремьералар - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бүгін Клинт Иствудтың жаңа режиссерлік жұмысы шықты

Сонымен қатар қазақстандық комедия мен итальян детективі бар.

«Ричард Джуэлл» («Дело Ричарда Джуэлла» / «Richard Jewell») [18+]: Клинт Иствудтың режиссерлік жұмысы. Драма өмірде болған оқиғаны баяндайды.

Бұл - Атлантадағы 1996 жылғы Олимпиада ойындарында күзетші болып істеген Ричард Джуэллдің оқиғасы. Ойын кезінде бомба салынған рюкзакты байқап қалып, адамдарды эвакуациялап үлгереді. Бірақ көп кешікпей Джуэллдің өзі күдікке ілініп, осы оқиғаға қатысы бар деп айыпталды.

«Тек ересектерге арналған» («Только для взрослых») [16+]: Қазақстан режиссері Жәми Бейсенов түсірген комедия.

Сюжетте Мақсат есімді кейіпкер режиссермен келіспей қалып, тарихи фильмнің түсірілімінен қуылады. Ол белгілі продюсердің конкурсына қатысу үшін өз қолымен эротикалық картина түсірмекші болады. Мақсат фильмнің ерекше тақырыбы атақ пен ақша әкеледі деп үміттенеді.

«Келісім» («Изгоняющий дьявола: Абаддон» / «The Assent») [18+]: экзорцизм тақырыбындағы америкалық хоррор.

Фильм оқиғасы жақында әйелінен айырылған Джоэл есімді кейіпкер төңірегінде өрбиді. Оның ұлына қорқынышты түстер маза бермейді. Шіркеу қызметшісі үйде жын бар дейді. Егер оны тоқтатпаса, басқа отбасылар да зардап шегеді.

«Лабиринттегі қыз» («Девушка в лабиринте» / «L'uomo del labirinto») [16+]: детектив Бруно Генко туралы тағы бір итальяндық картина. Осыған дейін «Тұмандағы қыз» шыққан еді.

Сюжетте Саманта есімді қыз терезесіз бөлмеде оянады: оның аяғы сынған және ештеңе есінде жоқ. Психолог доктор Грин оған 15 жыл бұрын жоғалып кеткенін айтады. Саманта әлдекімдерден қашқан, бірақ есінде ештеңе жоқ. Психолог оның санасына еніп, қылмыскерді табуы тиіс. Оның ісімен детектив Бруно Генко да айналысады.


0 Пікір Кіру