1-2 қаңтар күнгі кинопремьералар - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Жаңа жыл мейрамының басты премьерасы - Фёдор Бондарчуктың "Басқыншылық" блокбастері

Жаңа жыл демалысында отбасы түгелдей бас қосып, уақытты көңілді өткізеді. Прокатшылар да осыны ескеріп, бұл күндерге арнап балалар мен ересектер бірге көретін фильмдерді қояға тырысады. 

Сол себепті жаңа жылдың алғашқы күндері мультфильмдер мен комедияларға басымдық берілуі заңды құбылыс.

«Басқыншылық» («Вторжение») [12+]: 2017 жылғы «Тартылыс» / «Притяжение» фантастикалық боевигінің жалғасы. Премьерасы – 1 қаңтар.

Бөгде планеталық объектінің құлауы өмірді «дейін» және «кейін» деп екіге бөлді. Мәскеудің Чертаново ауданының қарапайым тұрғыны Юлия Лебедева зертханаға қамалып, бақылауға алынады. Өйткені ол - келімсекпен байланыста болған жалғыз адам. Ғалымдар мен әскерилер оның сезімін, эмоцияларын зерттеп, ішіндегі күштің сырын ұқпақшы болады. Дегенмен оның ерекше қабілетіне жердегілер ғана емес, бөгдепланеталықтар да құмартады.

«Мұндай да әже болады екен!» («Кто твоя бабушка, чувак?» / «C'est quoi cette mamie?!») [12+]: отбасылық комедия түсіріп жүрген француз режиссері Габриэль Жюльен-Лаферьенің картинасы. Премьерасы – 2 қаңтар.

Комедия Аврора есімді әйел туралы. Ол теңіз жағасындағы әдемі пәтерде тұрады, күн сайын көргені сауық-сайран, көңілді достар мен саяхат. Қысқасы Аврораның өзіне ұнайтын өмірі бар. Бір күні бөлек тұратын қыздары оған немерелерін жібереді – жасы 6 мен 18 аралығындағы жеті бала.

Бұлардан бөлек 2 қаңтарда «Қызыл туфли» («Красные туфельки и семь гномов» / «Red Shoes»), «Фиксиктер кработтарға қарсы» («Фиксики против кработов») анимациялық картиналары шықты.


0 Пікір Кіру