Factcheck: Димаш Әділет пен оның отбасы - на weekend.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на weekend.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Димаш феноменіне инфоанализ

Димаш Әділет – қазнеттің, соның ішінде әлеуметтік желілердегі орыс-қазақ тілді контингенттің жарқын образы.

Уикипедия дерекқорында Димаш Әділет «1995 жылы 17 мамырда Алматы қаласында отбасындағы үлкен ұл ретінде дүниеге келді» деп берілген. Ол 11 жасында оқуын Швейцариядағы Гстаад қаласындағы жекеменшік мектеп-интернатқа ауыстырған. 2010 жылы Флорида штатындағы Брадентонда орналасқан IMG спорт академиясына барып, кейін орта білімін толық аяқтау үшін Швейцарияға қайта оралған деседі. Димаш Массачусетс штатының Кембридж қаласындағы Гарвард университетінің түлегі. Оның академиялық білімі – қаржы және психология саласында. Бала кезінен шаңғы, жүзу, бокс спорты түрлерімен әуестенген. Мектепте өзге оқушыларымен жиі шекісіп, бұзықтық жасап қоятынына қарамастан, оқудағы жетістіктерінің арқасында басшылық кешіріммен қараған.

Швейцария мен Қазақстандағы ең атақты ер азаматтар қатарынан көрінетін Димаш Әділет әлеуметтік желілерде (facebook, Instagram...) дәулетті, интеллектуал, ақсүйектікке тән кірпияз образбен танылып, әрқандай тақырыпта ұдайы өз пікірін бөлісу арқылы оқырмандары миллионнан асты. Ағылшын тілін бірінші тіл деңгейінде, яғни еркін меңгерген. Сонымен қоса орыс және француз тілдірін біледі

Димаштың әлеуметтік желідегі беделі оның Audemars Piguet, Lamborghini және Louis Vuitton сияқты сән брендтермен модель ретінде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Димаштың отбасы

Димаш ауқатты отбасынан, мұны шетелге жиі шығып тұратын ата-анасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.

Анасы 1975 жылы туған Валентина Дурумбетова «Құрақ көрпе» фильміне түскен актриса. Дегенмен кейбір ақпараттарда қазір Respect Advertising жарнама агенттігінің бас директоры. Сондай-ақ Valentina by Elpidio Loffredo брендінің дизайнері әрі  бірнеше тон-ішік ательелерінің негізін қалаушы.  

«Өзін үй шаруасындағы әйел ретінде елестете алмайтын», перфекционист деп санайтын бизнес-леди шетелдік жобаларға да қатысады. 15 мыңнан астам жазылушысы бар Дурумбетова @valentinadurumbetova instagram желісін 5 жылдан бері белсенді түрде жүргізіп отырады.  

Димаштың 7 мамырда туған Әкежан есімді інісі мен 29 тамыз туған 2,5 жастағы Алайя есімді қарындасы бар. Бұл мәліметтер Дурумбетованың ашық аккауынтынан алынған.

Ал әкесі Әділет те @adilets_private аккаунтында өз жетістіктерін бөлісіп отырады.


2018 жылы Қазақстан гольфшыларының қауымдастығына кірген. Былтыр гольфтан Қазақстан ұлттық құрамасының Индонезияда өткен Азиялық жазғы ойындарда Дәулет Төлеубаев, Шерхан Сүгір, Әділ Мұхамеджановтардың қатарында өнер көрсеткен.


Әділет Қожабергенов бизнесі жайында ақпарат қат. Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, құжат жүзінде әкесінің шын есімі Әділжан Қожабергенов болуы мүмкін деген тоқтам жасауға болады. Бірақ ресми құжатпен расталмаған. Дәл осындай есімде, тек үшінші буыны басқаша тұлға туралы ашық дереккөздерде ақпарат жеткілікті. Әділет не Әділжан, орысша айтқанда Адилет немесе Адильжан. Екеуінің бір адам болуы немесе олай болмауы анық емес. 

Ал Адильжан Кожабергенов кеңсесі Алматыда орналасқан ірі компанияның басшылық бөлімінде қызмет атқарады-мыс. uchet.kz платформасындағы «контрагенттерді тексеру» сервисінің мәліметінше,  Адильжан Кожабергенов транспорттық тасымал бизнесі нарығында 17 жылдан (2002 жылдан) бері жұмыс істейтін  «Исткомтранс» («Eastcomtrans») ЖШС-нің директорлар кеңесінің белгілі мүшесі.

Компания өткен жылы 2,7 миллион теңге салық төлеген. kase.kz Қазақстандағы қор биржасының мұрағатында компанияға тиесілі 2013 жылы жасалған несиелік келісімшарттың бірінде  9800-ден астам вагоны бар мекеме теміржол бойы жүк тасымалы қызметімен, транспорттық логистикамен айналысатыны көрсетілген. Дәл осы құжатта компанияның директорлар кеңесінің белсенді мүшесі қатарында 1976 жылғы Адильжан Кожабергенов аталған. Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша, 2008 жылы директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалған Адильжан Кожабергенов 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Банк ісі» мамандығын тәмамдап, 2007 жылы Францияда бизнесті басқару менеджерлеріне арналған МВА бағдарламасын аяқтаған

*Фотолар кейіпкерлердің әлеуметтік желілердегі ашық парақшаларынан алынды.


1 Пікір Кіру
  • Жомарт 30 Желтоқсан, 2019

    Сабырлы жігіт, өзін ортада жақсы ұстай біледі. Тәрбие алғаны анық көрініп тұр