Алматыда 1000 километрден астам тау жолдары цифрландырылды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

11 желтоқсан - халықаралық тау күні. Атаулы датаға орай Алматының туризм департаменті қаладағы тау туризмінің қалай дамып жатқанын бөлісті

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 1000 километрден астам тау жолдары цифрландырылды. Visit Almaty мен туризм департаментінің бұл бастамасы Алматыдағы тау туризмін дамыту бойынша ауқымды жұмыстардың аясында жүзеге асырылды. Жоба екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: тау жолдарын жақсарту және картаға маршрут енгізу.

Биыл Кіші Алматы шатқалындағы 10 танымал тау трассалары абаттандырылды. Әр трассада навигациялық белгілер бар. Навигациялық белгілерге маршрут карталары мен биіктігі бар ақпарат стендтері жатады. Тау жолдарына орындықтар қойылды. Тау трассаларын цифрландыруды кеңейту үшін 2GIS платформасы пайдаланылды, платформадан 60 маршрутты оффлайн режимінде табуға болады. Шектеулер мен маршрут санаттарын ViewRanger сайтынан да алуға болады.

Бұл бастаманың мақсаты - тау маршруттары мен сандық құрамды дамыту және таулы кластерді танымал ету. Біз шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасағымыз келеді, - дейді туризм департаментінің басшысы Сабина Амангелді.

Келесі жылы департамент тау маршруттарын жақсартуды, visitalmaty.kz сайтында және Visit Almaty мобайл қолданбасында материалдарды пайдалануды, танымал тау маршруттарының жеке атласын құруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, маршрут негізінде ақпарат стендтері шыңдарда, шатқалдарда, сарқырама маңы мен басқа да түрлі жерге қойылған.

Жабдықталған маршрут тізімі:

137 Тұйықсу - Тұйықсу мұздығы

134 Тұйықсу - Мәншүк Мәметова көлі

136 Тұйықсу - Титов асуы

124 Шымбұлақ - Богданович мұздығы

123 Шымбұлақ - Шымбұлақша

122 Медеу - Титов асуы

120 Медеу - Құмбел шыңы

310 Ойқарағай - Медеу

108 Медеу - Пионет туризм базасы

106 Медеу - Бутаковский асуы

0 Пікір Кіру