Бақытжан Сағынтаев Жазушылар одағының мерейтойына қатысты - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Алматы қаласы

Алматы әкімі бұған дейін 500 мың теңге көлеміндегі 90 гранттытаңдаулы жас ақындарға, жазушылар мен сыншыларға берген еді. Тағы 60 грант жыл соңында тапсырылады.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан жазушылар одағының 820 мүшесі бар, оның 360-ы Алматыда тұрады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен одақтың ғимараты күрделі жөндеуден өтеді. Биыл 90 жас ақын, жазушы мен сыншыға 500 мың теңге көлемінде қала әкімдігінен грант берілген болатын. Жыл соңына дейін тағы 60 грант тағайындалады. Грантқа үміткерлерді Қазақстан жазушылар одағының комиссиясы анықтайды.

Әдебиет қайраткерлері халықтың рухани мұрасы - тарихты, дәстүрді, тілді күні бүгінге дейін көздің қарашығындай сақтап келді және солай болып қала береді, - деді Бақытжан Сағынтаев Қазақстан жазушылар одағының 85 жылдық мерейтойына арналған кеште.

Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін Жүсіпбек Қорғасбек, Мыңбай Рәш, Молдахмет Қаназ, Зайда Елгондинова, Кәдірбек Сегізбай, Серік Қирабаев және Бексұлтан Нұржекеев сияқты жазушылар мен ақындар қала әкімінің "Еңбегі үшін" төсбелгісін кеудесіне тақты.

0 Пікір Кіру