Алматы облысының мәдениет өкілдері Алматыда өнер көрсетті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Алматы облысының мәдениет қайраткерлері, өнерпаздары 2 күн бойы Алматы тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін ұсынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мен облыстың мәдени алмасу шарасына қатысқан өнерпаздарға алғыс айтты.

Жетісудың даңқы өзінің рухани және мәдени байлығымен кеңінен танымал. Мұнда дәстүр үйлесімді сақталып, заманауи өнер дамып жатыр. Осындай мәдени кездесулер облыс пен қала тұрғындары үшін пайдалы. Сондықтан біз мәдени ынтымақтастықты кеңейтетін боламыз, – деді қала әкімі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Мәдениет басқармасы мен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасында ынтымақтастықты кеңейту бойынша меморандумға қол қойылды.

Мәдени алмасу шарасында Алматы облысының заманауи эстрада, классикалық сахна артистері, театр мен кино актерлары, мәдениет пен өнер қайраткерлері Республика сарайы мен қала театрларында, Алматы музейлерінде өнер көрсетті. Мәдени шара аясында Балпық бидің 325 жылдығына, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына және Мұхаметжан Тынышпаевтың 140 жылдығына арналған “Бақ мекен Жетісу” атты көшпелі көрменің ашылуы өтті. Талдықорғанның Бикен Римова атындағы драма театрында “Айман-Шолпан” спектаклі қойылды. “Жерұйық мекен – Жетісу” салтанатты концерті облыстың мәдени күндерінің басты шарасы болды.

0 Пікір Кіру