Шымкентте тұңғыш Президент күніне орай жас ақындар мүшәйрасы өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент қаласы

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне жас ақындар мүшәйрасы өтті.

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мүшәйраға оннан астам жас қаламгер қатысты. Олар Елбасына арнаған өлеңдерін оқып, әділқазылар алқасының бағалауына ұсынды.

Оқушылардың Елбасына арнаған жырларының біреуін назарларыңызға:

Ел басқарған көрегенді Елбасы

(авторы: Жанерке Амангелді, 7С сынып оқушысы)


Еңсе түскен, көкірек кернеп ашынған,

Басынғанға жалтақтаған ғасырдан.
Дінім, ділім көр соқырша күн кешкен,
Тоқыраулы күндерді шығарар ма ел естен?

Атқа қонып ата-бабам айқасты,
Білек күші, ал қолында найзасы.
Ұрпағы үшін аянбаған қан төккен,
Елегені – егемендік айнасы!

Ел басқарған көрегенді Елбасы,
Арқасында барыс елге айналдық.
Жас болсаң да қазақ елі көркейші,
Асқаралы аламанға айналып!

Тәуелсіз елде бейбіт өмір кешкенім,
Елін сүйген Елбасының арқасы,
Өлшенбестей өркендейді еліміз,
Разы болған, барша қазақ баласы!

"Мен қазақпын!" деген ұран ұстанып,
Жарияға бар даусыммен жар салам!
Алла берген жерім менің кең байтақ,
Сыйып кетер, мына тұрған бар ғалам!

Сол ғаламды сауатты етіп басқарған,
Ел сыйлаған Елбасымдай атам бар!
Ал атамның барлық игі істеріне,
Демеу болар әрқашан, өзін сүйген халқы бар!
0 Пікір Кіру