Шымкентте «Көрме» орталығында Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау лебізін былай жеткізді

– Бұл – барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Осы күнді «Тұңғыш Президент күні» ретінде таңдап алудың өзіндік себебі бар. Осының барлығы Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігінің, сарабдал саясатының жемісі.

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан еліміздегі ірі мегаполистердің бірі.

Қаладағы 17 этномәдени бірлестік, ел игілігіне бағытталған оңды бастамаларға қолдау көрсетіп, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды еселеп келеді. Бүгінгі көрме де соның айғағы, – деді Е. Айтаханов.

Мерекелік іс-шара барысында Елбасы сүйіп тыңдайтын дәстүрлі және патриоттық әндер шеруі, «Өнер» мектебінің солистері мен хор ұжымының орындауындағы туындылар, «Қазына» би ансамблі бишілерінің өнері жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. «Мейір» балет мектебінің бишілері «Штраус» балетін ұсынса, танымал эстрада әншісі Ғазизхан Шекербеков те әннен шашу шашты.

Аталған салтанатты жиында өз кәсібін жетік меңгеріп, жетістікке жеткен бірқатар сала мамандарына қала әкімінің алғыс хаты табысталды.

0 Пікір Кіру