Шымкенттің Сайрам ауданындағы киелі нысандар - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент қаласы, былай қарасаңыз, кішкене ғана қоныс

Бірақ осынау шағын елдімекен - Шыңғыс ханның да, қалмақтың, қоқан мен орыс отарлаушыларының да шабуылын көрген мекен. 

Шымкент аймағы - Ұлы Жібек жолының бойында батыс пен шығысты жалғаушы, Ресей мен Орта Азияны жалғаушы, транзиттік пункт болған аймақ.

Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысынан ажырап бөлек қалса да, тарихи өңірлерін әлі де жоғалтқан емес, сақтап қала алған өңір.

Соған орай, Шымкент қаласындағы тарихи орындарға бір-бірлеп тоқталып өтсек.

Сайрамның киелі объектілері

Қазақстанның өңтүстігінде қажылық бағытына кіретін ең қастерлі екі мавзолей Сайрам аумағында орналасқан. Бұл – Қожа Ахмет Ясауидің ата-аналары Қарашаш ана мен Ибрагим ата кесенелері, түркі халқының қасиетті мекені.

Қарашаш ана өз дәуірінің ең білімді әйелдерінің бірі болған. Ибрагим сопы – рухани тәлімгер және көріпкел ұстаз болған.

Сондай-ақ, Сайрамда қазақтардың құрылтайы өткен, аңыз бойынша заңдар жиынтығы, Тәуке ханның «Жеті жарғысына» қол қойылған Мәртөбе орналасқан. Мәртөбе дегеніміз - үш жүздің жыл сайын игі жақсылары жиналып, мәслихат өткізетін ауыл, төбе. 

- Мәртөбе қазіргі тілмен айтқанда дала парламенті орналасқан жер, стратегиялық нысан болған. Қазақ хандарының дәл осы Мәртебені күлтөбеге, жиын өткізетін, ақылдасатын орынға айналдыруы сыры бар. Мәртөбені көрген адам оның айналасының барлығын тау қоршап жатқанын әрі Мәртебеге кіретін орынның тек алдыңғы беткейде ғана екенін көре алады. Яғни, жау жиын өтіп жатқан жерге шабуыл жасай алмаған. Бұл табиғаттың өзі жасап берген Коллизей, былай айтсақ, - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев. 

Төбеге жақын жерде Құранда Мұсаның серігі ретінде берілген хызыр пайғамбардың, Құранды араб тілінен парсы тіліне аударған Байзави қазидың, Абдул-Азиз-Баба әскерлерінің ту ұстаушысы шейх Қожа Салихтың және басқа да әулие-әмбиелердің кесенелері орналасқан.

Мәліметтер Шымкент қаласының туризм басқармасынан алынды. 

0 Пікір Кіру