Ерлан Айтаханов әкім болғалы Шымкентте қандай өзгерістер орын алды? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қалада болған өзгерістер

Бұл жылдың аяқталуына бар жоғы бір ай қалды. Шымкент қаласының жаңа әкімінің жылдың ортасында келгенін білесіздер. Ерлан Айтаханов келгелі қалада қандай оң өзгерістер болды? Сұраққа бірге жауап іздейік.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артты

2019 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жалдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 064,7 млн. теңгеге артты.

Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 27 192,3 млн. теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов мәлімдеді. Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,8% жетті. (РК – 99,8%, 1 орын) (Жылдық жоспар – 102,0%).

Мемлекеттік бюджет жоспары 5,3 млрд теңгеге асыра орындалды

Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Н.Көшеров мәлімдеді. Оның ішінде: Республикалық бюджет жоспары 102%-ға, яғни 1,4 млрд. теңгеге асыра орындалды. Жергілікті бюджет жоспары 106% орындалды немесе 3,9 млрд. теңге артығымен қамтамасыз етілгендігін жеткізді департамент басшысы (жоспар 69,2 млрд. теңге, нақты түсім 73,1 млрд. теңге).

Әлемдік діни сарапшылар Шымкентте бас қосты

Үшінші мегаполисте әлемдік діни сарапшылар, дін өкілдері бас қосты. «Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестік орнату» жобасы аясында дін бостандығы мен конфессияаралық қатынастарды құру мәселелері бойынша қазақстандық-американдық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.

Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы ұйымдастырған жиынға АҚШ-тан келген LYNC (Love Your Neighbor Community) делегаттары қатысты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы Александр Клюшов, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев жиынның ашылуында мұндай басқосудың маңызды екенін атап өтті.

Жалпы бір күнге жоспарланған дөңгелек үстелде дін ұстану еркіндігі, конфессия аралық қарым-қатынастарды құру, дін және заңның үстемдігі, конфессияаралық әлеуметтік жобаларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

LYNC миссиясының негізін қалаушы және президенті Уэйд Кьюсак қоғамдастықтың көкжиегі кеңейіп келе жатқанын айтты.

Шымкенттен басталған дөңгелек үстел әрі қарай Өскемен қаласында жалғасады. Үш стратегиялық маңызды қалада жетекші халықаралық сарапшылардың дін, құқық, бизнес, т.б. мәселелері талқыланбақ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 47 нысан іске қосылған

Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 7 ірі, 12 орта және 28 шағын өндірістік-кәсіпкерлік нысанға тартылған инвестиция көлемі – 9,215 млрд теңгені құрады.

Тиісінше, 5 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


0 Пікір Кіру