15 сурет: Жапонияның әлем елдерін басып озатынын дәлелдейтін фотосуреттер - на weekend.bugin.kz
Алашұлы - на weekend.bugin.kz Алашұлы

Барлығы өзгеше. Әлем терісінен төңкеріліп қалғандай. Мұндай фактілерден кейін әрбір адам Жапонияда өмір сүргісі келеді. Сенбесеңіз, мақаланы соңына дейін оқып көріңіз

Жапония дегенде көзге жартылай жалаңаш сумо палуандары, гүлденіп тұрған сакура гүлі және аниме келеді. Дегенмен ол жақта қызықты нәрселер көп.

Адам өмірін жеңілдететін көп гаджеттер мен техникалар осы Жапон мемлекетінде ойлап табылған. Соған қарағанда, Жапонияда барлық нәрсеге мұқият мән беріліп жасалатын секілді. Мысалы, ғимараттарда қолшатырға арналған ілгіштер бар. Ал, перзентханада тууға келген әйелдерді ресторандағыдай тамақтандырады.

Әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің Жапонияда көріп-білгендерімен бөліскенін тамашалайық.

1. Өте жылдам жүретін поездтің байсалды жүргені соншалық, егер тиынды қырынан қойсаңыз да құламайды.


2. "Мені роддомда осылай тамақтандырды"


3. Жапониядағы люктардың көріністері ғажап!


4. Сағыз қорабының ішінде қосымша қағаз бар. Яғни, егер сізге сағыз керек емес болса, сіз оны қағазға орап тиісті жерге тастауыңыз үшін. 


5. Сіз қолыңызды жуып, кейіннен сол суды қайта қолдана аласыз. 


6. Жапонияның көптеген әжетханаларында қабырғаға балаларды отырғызып қоятын орындықтар ілінген.


7. Барлық адамдар көпшілік орындағы ережелерді сақтайды. Тіпті, қарсы беттегі теппешек бос болса да.


8. Әжетханаларында қай кабина босағаны жайлы ақпарат беретін дисплей бар.


9. Жапондық жанкүйерлер матч біткеннен кейін стадионды тазалау үшін қалды. 


10. Жапондықтардың шығармайтыны жоқ. Тағы да бір техно жаңалық - қолшатырларға арналған тұрақ.


11. Жолшыбай өтіп бара жатқан адамдар поездті итеріп, аяғы қысылып қалған әйелге көмектесті.


12. Жапондық әжетханаларда су даусын естілмейтіндей ететін батырмалар бар. Осылайша, сіз әжетханада қандай дәретке барғаныңызды тек өзіңіз білетін боласыз.


13. Сусынның сыртына Брайл шрифтімен тауар атауы жазылған. Көзі көрмейтін адамдар үшін ол өте ыңғайлы.


14. Суретте көрсетілген жапон лифтінде шұғал жағдай болғанда әжетхана есебіне қолдануға болатын орындық бар.


15. Қаланың ішінен өтетін кіші каналдардың өзінде тұқы (тұщы суда болатын бүрге балық) өмір сүреді.

Ал, сіз Жапония жайлы не білесіз?

0 Пікір Кіру