Секс музейіне барып көрдіңіз бе? - на weekend.bugin.kz
Бірқабатты Америка - на weekend.bugin.kz Бірқабатты Америка

Жалпы музей адам сексологиясының тарихын, эволюциясын және оның қоғамдағы мәдени әсерін дәріптейтін орын

Мұндай музейдің бар екенін Нью-Йорк метросы вагондарындағы жарнамалардан білдім. Содан кейін ол жерде нендей нәрселер көрмеге қойылуы мүмкін екендігі ойландыра бастады. Расында, осы ой ақыры мені сол музейге баруыма жеткізді.

Музей айтарлықтай кішкене. Оның кіре берісі секс тақырыбындағы түрлі кітаптар мен ересектердің төсек ойыншықтарына толы болды. Музейге кіру билеті - $28.

Жалпы музей адам сексологиясының тарихын, эволюциясын және оның қоғамдағы мәдени әсерін дәріптейтін орын екен. Кірген бойда XIX ғасырдағы мүшеқаптар мен алғашқы ағаш ойыншықтарды көресіз. Сосын секстің эволюциясына келесіз. Мұнда секстегі орал, анал, фетиш, бандаж тағы сол сияқты атын жазуға ұялатын жанрлардың қалыптасуы мен қоғамда дамуы жайлы деректер мен экспонаттар бар. Әрине, америкалықтар секс тақырыбын зерттегенде ЛГБТ қауымдастығын ренжітпеу үшін олардың тәжірибелеріне де анализ жасап, нәтижелерін көрмеге сурет және мүсін арқылы қойған. Маған соңғы залдағы «болашақтағы секс» тақырыбы қызықтырды. Ол жерде VR, яғни виртуалды шындықтың көмегімен онлайн түрде симуляция процесіне ену алаңы бар екен. Өкінішке орай, мен барған кезде ол жабық болды. Әйтпесе, болашақтың стилі қалай боларын өз тәжірибемде сынап көрмек едім.

Cуреттегі азамат жасы зейнетке жетіп қалса да, іштей өзін жас сезінетіні байқалып тұр

Одан бөлек, музей ғимаратында әртүрлі елдерде секстің қалай дәріптелетіні және секс мәдениетінің қоғамдағы орны жайлы сурет көрмелері бар. Маған әсіресе танымал жапон фотографы Nobuyoshi Аraki көрмесі ұнады. Жалпы жапондар төсек қатынасына стандартты емес түрде «подход» жасайтынына куә болдым.

0 Пікір Кіру