39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанбақ  - на weekend.bugin.kz
Indigo Bekaidar - на weekend.bugin.kz Indigo Bekaidar

Өнер иесі 39 жаста

Отандық эстрада әншісі Дильназ Ахмадиеваның аяғы ауыр екені белгілі болды. Өнер иесі 39 жасында алғаш рет ана атанбақ. Желіде әншінің аяғы ауыр екенін дәлелдейтін видеожазбалар тарап кетті.

Дильназ Ахмадиеваның көптен жасырып жүрген құпиясын өнердегі әпкелері продюсер Баян Алагөзова мен отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ашты.

Олар желідегі парақшаларында аяғы ауыр әнші бейнеленген видеоны жариялаған. Бейнежазбадан өнер иесінің іші айтарлықтай шығып қалғанын аңғаруға болады.

Одан бөлек, аталмыш видеоға әнші Ғалия Маратқызы, тележүргізуші Аша Матай мен белгілі әзілкеш Мейіржан Түребаевтың жары Дана Есеева да түсіп қалған.

Айта кетерлігі, бұл жандардың да аяғы ауыр.

Еске сала кетейік, Дильназ Ахмадиева екінші мәрте тұрмысқа шыққанын жақында өзі хабарлаған болатын.



0 Пікір Кіру