Алматыдағы «Даму формуласы» мектебі жайлы не білеміз? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Үздіксіз дамуды көздейтін жастарға берілген мүмкіндік көп

Тәуелсіздіктің төрінде туған жастардың керемет мүмкіндіктерді көріп жүргені көз қуантады. Әсіресе, жастардың қалашығына айналған Алматы қаласында жастарға берілген мүмкіндіктер өте көп. Сапалы әрі тегін мектеп бағдарламасы, өзі қалаған мамандықта кез келген ЖОО-да оқу, жеке кәсіпкерлікке деген ашық жол және басқа да "қолжетімділікке" айналған бірқатар жетістік. Атауы аса зор болғанымен, тұлғалық даму тұрғысында қамтып жатқан аймағы біраз тар болып отырған бұл оқу бағдарламасы – интеллектуалды жастардың өзіндік әрекет етуіне себеп болып отыр. Бүгінде мектеп кезеңінен "өзін-өзі басқару " ұйымдары жұмыс істейді. Студенттер үшін жоғары оқу орнының басшылығымен байланыс орнатып жүрген белсенді топтар бар. Өз ортасында өз мүмкіншілігін көрсетуге жағдай жетерлік. Ал өз мүмкіншілігін шыңдауға арналған жобалар санаулы. Соның бірі бүгінгі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да қолға алынған "Даму формуласы" марафоны.

"Даму формуласы" мектебі өткен жылы бір айлық жоспармен өз жұмысын бастаған болатын. Биылғы жылы да ауқымы кеңейіп, форматы жаңартылған күйде жалғасын тауып отыр. Студенттер игілігі үшін жасалған бұл жоба жалпылама тақырыптарда білім бермейді. 

Марафон қандай бағыттар бойынша жұмыс істейді?

• Қазіргі уақыттағы әлеуметтік желіні серік етіп, табыс көзіне айналдырып отырғандар жетерлік. Бұл саланың да арнайы білімі бар. SMM (Social Media Marketing) деп аталатын бағытты ұстана отырып, Instagram, YouTube желілерінің қыр-сыры үйретіледі.

• XXI ғасырда айналысатын салалардың брендіне айналып отырған - ақпараттық технология. Марафон бұл бағытты да қамтып отыр. Соның ішінде видео, фото-монтаждан қажетті білім беріледі.

• Келесі бағыт та заман сұранысын қамтиды. Яғни, ағылшын тілін үйрету, тәжірибелі спикерлермен кездесу, субтитрлі фильмдер қарау, берілген уақыт аралығында белгілі бір деңгейге жетуді қарастырады.

• Өнер бағыты. Музыкалық аспаптарда (домбыра, гитара) ойнау үйретіледі.

• Ең ерекше бағыттардың бірі – кітап оқу. Түсіне алатындар үшін кітап оқудың өзі үлкен пән. Кітап оқудың тиімді жолдары мен пайдалы кейстері үйретіледі.

Қатысушы студенттер қатысу құнын төлеп, өзіне қажетті бағытқа жазыла алады. Ескеретін жайт, қатысушылардан төлем үшін алынған ақша толығымен жеңімпаздарға сыйлық ретінде жұмсалады.

Тағы бір ерекшелігі – әр бағытта қатысушыларға жол көрсететін ментор сайланған. Тағайындалған менторлар 10 жыл көлеміндегі тәжірибесі бар мамандар.

Бұдан бөлек студенттердің рухани тұсына да назар аударылған. Апта сайын музей аралау, тауға шығу, спортпен айналысу.  Сонымен қатар тұлғалық даму тақырыбындағы спикерлермен семинар-тренинг жүргізу.

Нағыз тұлға, шынайы мамандардың маңызды қабілеттері дәл осы студент кезде қалыптасатындығы барлығымызға мәлім. Жастардың интелектуалды тұсынының дамуын мемлекет қамтып отыр. Ал осылай әмбебаптықты үйрететін жобалар қолдау тауып, жалғасын тапса дейміз.  

0 Пікір Кіру