Арбат. Әуе шарлары. 3D жаяу жүргіншілер жолы. Шымкенттің тағы қандай ерекшеліктері бар? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Шымкенттегі ерекшеліктер

Кез келген қаланың өздеріне ғана тән ерекшеліктері болады. Басқа қалаларда жоқ, Шымкентте ғана бар ерекше орындар мен фестивальді назарларыңызға ұсынамыз.

Шымкентте Қазақстан бойынша алғашқы 3D форматтағы жаяу жүргінші жолы пайда болды

Қалада 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы пайда болды. Қазақстан бойынша алғашқы жаңа үлгідегі жаяу жүргіншілер жолы Айбергенов көшесінде сызылды. Бұған дейін бұл жерде әдеттегі жолақ болатын.

Бұл ерекше жүргіншілер жолын салу бастамасын көтерген «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқармасының төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын шетелдік іс-сапардан алған.

– Шымкент - жол қозғалысы өте қарқынды қала. Осы орайда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі маңызды. Алдағы уақытта бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер басқа елдерде қайғылы оқиғалар санын біршама қысқартуға мүмкіндік берді, - деді Р.Аюпов.

«Ashyq Aspan» халықаралық әуе шарлары фестивалі

Фестиваль жыл сайын Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өтеді. Бұл фестивальге тек қазақстандық емес Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген монгольферлер де қатысады. Сондай-ақ фестивальде түрлі сыйлықтар ойнатылады. Флешмоб, фотосессия жасауға мүмкіндік бар. Көше әртістері жонглерлер, «сиқыршылар» да өнер көрсетеді.

Барлық аумақ әртүрлі тақырыптық аймақтарға яғни, музыка, би, ойын, релаксация аймағына бөлінеді. Әртүрлі тағамдардан дәмауыз тиюге болады. Кешке қонақтарға «Түнгі жарқыл шеруі» атты әуе шарлар қойылымы ұсынылады. Көркем музыкалық топтар гала-концерт береді.

Шымкентте жаңа Арбат ашылды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа Арбат ашылды.

Демалыс орны қала орталығындағы «Қиял әлемі» саябағы жанынантабан тіреген. Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылынан Әл-Фараби алаңына дейінгі бөлігі тұтас демалыс орнына айналып, су бұрқақтары орнатылды. Көпшілік сейіл құратын аймақтағы жаяу жүргіншілер жолы 12 сәулеттік мүсінмен ерекшеленеді. 200-ге жуық сәндік ағаш егіліп, бір бөлігі көгалдандырылды.

Айта кетейік, Арбаттың ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалды. Жалпы ұзындығы 430 метр аймақта көлік қатынасына шектеу қойылып, екі қапталдан велосипедпен серуендеу үшін арнайы веложолақ салынған. Ал Арбаттың екі жағындағы үйлердің қасбеттері көріктендірілді.

0 Пікір Кіру