Шымкент қаласының бөбектер үйінде мерекелік кеш өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Тұңғыш Президенті күніне орай

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйінде мерекелік кеш өтті.

Аталған кешке бөбөктер үйіне қолдау көрсеткен демеушілер мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

Медициналық орталықта 4 жасқа дейінгі 47 бала тәрбиеленуде. 25 балақай ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жалғызбасты аналардың балалары да бар.

Мерекемен құттықтап келген кеш қонақтарына бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, тәтті қылықтарымен тәнті етті. Балақайлардың өнерін тамашалаған ел ағалары ақ тілектерін арнап, балғындарға қамқор болып отырған орталықтың қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Айта кететін болсақ, биыл мамандандырылған бөбектер үйінің құрылғанына 80 жыл толып отыр. Мерекелік кеште қонақтар орталықтың ұжымын мерейтойымен құттықтап, медициналық ұйым қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тіледі.

0 Пікір Кіру