Шымкентте «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы Республикалық іс-шара өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Тұңғыш Президент күніне орай

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ұйымдастыруымен аталған оқу орнының ғимаратында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы Республикалық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. 

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, студенттер мен жастар жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. 

Мемлекетіміздің өркендеуі мен гүлденуі жолындағы Елбасымыздың атқарған жұмыстары мен бағдарламаларының сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асып жатқанын айтып, жиналған студенттерді хабардар ету. Бұл іс-шараға Әл-Фараби ауданының әкімі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің басшылық құрамы мен оқытушылары, студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

0 Пікір Кіру