Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы қашан тойланатыны белгілі болды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанның үшінші мегаполисіне Шымкент қаласының 2200 жылдығы халықаралық мерейтойлар тізіміне енді

Осыған дейін, әлемнің тарихшылары мен археологтары Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар көне қала екенін мойындаған еді. 

Осыған орай 2020 жылы Шымкенттің 2200 жылдығын халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіп, атап өтпекші. Мұндай шешім ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында қабылданды. Сонымен қатар келесі жылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын атап өту жоспарланып отыр.  Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.

Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев ұйымға мүше мемлекеттерді аталған екі мерейтойға және Абай Құананбайұлының 175-жылдығына орай елімізде және шетелде өткізу жоспарланып отырған іс-шараларға қонақ ретінде қатысуға шақырды. Енді келер жылы Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы ресми түрде тойланады.

Бұл қуанышты жағдайды Шымкент тұрғындары мен қоғам белсенділері, блогерлер әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр.  

0 Пікір Кіру