Шымкентте «Елбасымен нұрланады Еліміз» атты мерекелік Жастар акциясы өтті - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Жастар

Президент күні қарсаңында мегаполистегі Политехникалық колледжінде Елбасының өмірін, оның жарқын жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында "Елбасымен нұрланады Еліміз" атты мерекелік жастар акциясы өтті.

Іс-шара қонақтары жастарға Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айтып, Елбасы мен Үкіметтегі ел ағаларының Қазақстанның дамуына, еліміздің әлемге танылуына аянбай еңбек ету жолында көптеген игі істердің атқарылғанын ортаға салды.

Шараға қатысушы жастар осы ағалар аманатын қолдап, Отанын және халқын сүйіп, адал еңбек етуде аянбай тер төгетіндерін жеткізді.

0 Пікір Кіру