Әл-Фараби мен Шымкенттің мерейтойларын аталып өтеді - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

ЮНЕСКО

2019 жылғы 12-27 қараша аралығында Франция астанасы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.

Бас конференцияның пленарлық жиналысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі әрі ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев мүше мемлекеттерге Қазақстанның ұсыныстарын қолдағандары үшін алғыс білдіріп, оларды аталған мерейтойларға, және қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай елімізде және шетелде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.

 

0 Пікір Кіру