ТМД мәдени астанасы Шымкентке беріледі - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Брест театры

Брест қаласы 9 желтоқсан күні ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыстайды.

Беларусь елінде 9 желтоқсанда Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында салтанатты іс-шара өтеді.

Мерекелік концертке ТМД елдерінің ең үздік өнерпаздары қатысады. Аталған шарада Брестің эстафетасын Шымкент қабылдап алады. Бұл шараға «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды.

Брестте өтетін  «ТМД мәдени астанасы - 2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады. Қонақтардың «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюы жоспарлануда.

0 Пікір Кіру