Жұмадағы тілек - на weekend.bugin.kz
Камшат Абылгазиновна - на weekend.bugin.kz Камшат Абылгазиновна

Өлең

Жұма күн тілек тіледім

Білемін Тәңір берерін.

Жасасам күнә кеше гөр,

Бір АЛЛА өзің сенерім.

Жүрегім менің нұрланса,

Өзіңнің арқаң Тәңірім,

Алдыңа келіп жығылдым

Сүйген құлыңның бірімін.

Тіледім елдің бірлігін,

Тәуелсіздігімнің теңдігін.

Өскелең ұрпақ жастардың

Өресінің өрлігін.

Қолымды жайдым сеніммен

Күн кетпесінші көгімнен.

Пенделік менің қатемді

Ризамын АЛЛА кешірсең.


0 Пікір Кіру